Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
192 материал табылды

Жәдігер • 14 Қараша, 2025

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Арқалықтағы «Дала өлкесі тарихы» мұражайында Торғай үлгісінде жасалған сәукеле сақтаулы тұр. Кезінде осы өңірдің тұрмыстық мәдениетін көп зерттеген Өзбекәлі Жәнібектің тапсыруымен белгілі шебер Қырым Алтынбековтің қолынан шыққан бұл жәдігерлік жергілікті жердің этнографиялық ерекшелігі негізінде жасалған.

Аймақтар • 11 Қараша, 2025

Жедел жәрдем автопаркі жаңартылды

Өңірге жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанайдағы «Allur» зауытында құрастырылған 50 жаңа жедел медициналық жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

Қоғам • 11 Қараша, 2025

Берері көп байқау

Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жас­өспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы мәресіне жетті. Дәстүрлі байқаудың бас жүлдесін Жамбыл облысынан келген жас қаламгер Нұрбек Нұржанұлы жеңіп алды.

Аймақтар • 07 Қараша, 2025

Темір өндіретін зауыт салынады

Рудныйда «ERG» мен Аустрияның «Primetals Technologies Austria GmbH», АҚШ-тың «Midrex Technologies Inc.» компаниялары Рудныйда ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу жөнінде стратегиялық келісімшарт жасасты. Келісім аясында зауытқа қажет тұтас инжиниринг пен негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу көзделіп отыр.

Шаруашылық • 06 Қараша, 2025

Мал ұстағанның табысы неге мардымсыз?

Меңдіқара өңіріндегі елді мекендер аудан орталығындағы «Милх» серіктестігіне сүт өткізіп, қосымша табыс тауып отыр. Алайда бүгінде жемшөп қымбат. Ал сүттің бағасы кейінгі екі жыл бойы өзгермей тұр. Ауыл тұрғындары аталған серіктестік бағаны өсірмесе мал басы азайып кетуі мүмкін деген қауіп айтады.

Руханият • 04 Қараша, 2025

Сыңар ойдан – сүбелі пайымға

Қостанайда «Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкілдігі ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, алаштанушы, академик, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңір зиялылары, дін қайраткерлері облыстық дін істері басқармасының өкілдері қатысты.

Байқау • 30 Қазан, 2025

Үздіктер анықталды

Әулиекөлде ауылшаруашылық колледждерінің студенттері арасында өткен «AgroSkills-2025» атты республикалық байқау мәреге жетті. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен байқауға еліміздің 14 өңірінен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Жәдігер • 24 Қазан, 2025

Амангелді портреті қалай аман қалған?

Арқалық мұражайында тұрған құнды жәдігердің бірі – қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеев салған Амангелді портреті. 1947 жылы салынған түпнұсқа портрет кезінде облыс мәдениеті басшыларының солақай шешімімен өртеніп кете жаздағанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді.

Аймақтар • 17 Қазан, 2025

Өзіміздің Горбачев

Таяуда жұмыс сапарымен Арқалыққа барып қайттық. Шалғайда жатқан шағын қаланың жерас­ты құбырлары кейінгі екі жыл ішінде түгел жаңартылды. Тұрғын үйлердің бәрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді деген жылы хабар естігенбіз. Салып ұрып қалалық жылу-энергетикалық компаниясына қарасты су тазартқыш құрылғылар учаскесіне жеткен бетіміз. Мекеме Горбачев көшесінде екен. Көше атауын алғаш көргенде тіксініп қалғанымыз рас. Су басындағы маманнан көше жайын сұрап едік, жайбарақат қана «Өзіміздің Горбачев қой», деп жауап қатты. «Ә-ә...» дедік те, әрі қарай қазбалауды жөн көрмей, әңгіме ауанын негізгі мәселеге бұрдық.

Жәдігер • 17 Қазан, 2025

Нұрханның домбырасы

Арқалық қаласындағы Да­­лалық өлке музейінде ха­лық ақыны Нұрхан Ах­мет­бековтің домбырасы сақтаулы тұр. Көне жәді­герді музейге ақынның келіні әкеліп тапсырған.