Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Қоғам • 05 Маусым, 2024

Жыл патриоттары марапатталды

Қостанайдағы Жастар сарайында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Жыл патриоты» форумы өтті. Салтанатты іс-шара барысында өңір дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдері мен табанды еңбегімен айтарлықтай жетістікке жеткен азаматтарға, сондай-ақ қоғамдық істерге белсене атсалысып, ел игілігі үшін тер төгіп жүрген көпке үлгі жандарға құрмет көрсетілді.

Аймақтар • 04 Маусым, 2024

Қостанайда ерекше балаларды бейімдеу орталығы ашылды

Қостанайда тірек-қимыл жүйесі бұзылған және неврологиялық ауруы бар балаларды ерте жастан бейімдеу орталығы ашылды. Облыстық балалар ауруханасының ғимаратына орналасқан орталық жылына 600-дей баланы қабылдап, өмірге бейімделуіне көмек көрсете алады, деп жазады Egemen.kz. 

Жәдігер • 31 Мамыр, 2024

Шашақты найза

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында тұрған қос найзаның ұшын археологтер 2009 жылы Бейімбет Майлин ауданындағы Халвай қорғанындағы көне қорымнан тапқан. Ғалымдардың айтуынша, құнды жәдігерлер бізге қола дәуіріндегі көшпелілер өркениетінің сынтасты мәдениетінен жеткен.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2024

Еңбек адамына арналған баспана бағдарламасы

Рудный қаласында «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» жұмысшылары мен «Отбасы банк» өкілдері қатысқан үлкен форум өтті. Алқалы жиыннан кейін Қостанай облысының әкімдігі, «Отбасы банк» және Еуразиялық топ (ERG) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімшарт аясында «ERG» металлургтері, кеншілер мен жөндеу қызметінің мамандары арасынан 100 отбасы жеңілдетілген шартпен «Отбасы банк» арқылы баспаналы болады.

«Таза Қазақстан» • 30 Мамыр, 2024

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдегі орман алқаптары мен саябақтар, өзен-көл жағалауларын тазарту жұмысы жалғасып жатыр. Мамыр айының соңғы күндері облыстың он шақты ауданында жалпыхалықтық тазалық сенбіліктері өтті.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2024

«Арғымақ» дүбірлеген күн

Қостанай ауданындағы «Арғымақ» ипподромында Қоста­найдың жирен қасқа жүйріктерінің республикалық бәйгесі өтті. Тек Қостанай тұқымды жылқыларға арналған дәстүрлі дода кейінгі үш жыл ішінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Өндіріс • 29 Мамыр, 2024

Шойын зауыты іске қосылады

Жаңа кәсіпорын іштен жанатын қозғалтқыштың блогі мен бастиекті, жүк көліктерінің қозғалтқыш белдемесіне арналған редуктор корпусын шығарады. Өңір тарихында тұңғыш рет қуатты жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшек шығаруды қолға алып жатқан жаңа зауыттың әлеуетін мамандар қазірдің өзінде жоғары бағалап отыр.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2024

Заречныйдағы заманауи спорт кешені

Қостанай облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы бір дене шынықтыру-са­уықтыру кешені пайдалануға берілді. Қостанай ауданының Заречный аулында ашылған жаңа спорт кешені бір уақытта 150 адамды қабылдай алады. Бұл – Заречный аулында кейінгі бір жыл ішінде бой көтерген екінші спорт ғимараты.

Білім • 25 Мамыр, 2024

Төрт мың ұл-қыз мектептен түлеп ұшты

Биыл Қостанай облысында 111 мыңнан астам бала кезекті оқу жылын аяқтайды. Оның 4 256-сы – 11 сынып түлектері. 138 озат «Алтын белгіден» үмітті. 261 оқушы үздік аттес­тат алуға талаптанып отыр. 24 мамырда өңірдің барлық мек­тептерінде «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Талбесік • 24 Мамыр, 2024

23 мың текше метр қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қостанай қаласы мен Тобыл жағасындағы бірнеше саяжай бірлестігінің аумағынан 23 мың текше метр­ден аса қоқыс шығарылды.