Бүгін ауа температурасы -31 градусты көрсетіп тұр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Рабочий, Бородин көшелерінің қилысында жатқан диаметрі 300 мм құбыр әбден тозып кеткен.
«22 қаңтарда сағат 20:45-те ҚЖЭК, «Қостанай-Су» МКК диспетчерінен өтінім түсті, учаскені тексеру үшін жедел әрекет ету орнына дереу бригада шықты. Құбыр қалпына келтіріліп, жол бойы мұздан тазартылды. Апат салдары бүгін сағат 20:00-ге дейін толық жойылады. Тұрғындар сырттан әкелінген ауыз сумен қамтамасыз етіліп жатыр», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.