Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
278 материал табылды

Білім • 26 Сәуір, 2024

Жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай

Мектептегі білім мен ғылымды жетілдіру мәселесі әлі де күшінде. Әсіресе бұған Мемлекет басшысының өзі ерекше назарын аударып отыр. Осы мақсатта Балқаш қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің ауласында жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай ашылды.

Қоғам • 24 Сәуір, 2024

Күміс жамбы, күміс кітап, күміс жыр

Арқа аспанынан күмбірлеп күміс өлең төгілді. Сонау Алатау төрінен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Абзал Бөкен 75 жас мерейтойына орай еліне келіп, еркелеп қайтты. Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері ақынның ел жатқа оқитын «Шыт көйлек» секілді өлеңдерін ерекше әсермен жеткізді. Кеншілер мәдениет сарайында өткен «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты кештің шымылдығы осылай түрілді.

Байқау • 23 Сәуір, 2024

Ерекше оқырманға – аудиоертегі

Көру қабілеті бұзылған оқушылар әңгіме, ертегілерді енді аудио­кітап арқылы тыңдай алады. «Ертегілер әлемі» атты облыс­тық аудиоертегі байқауы жүлдегерлерінің аудио­нұсқа­дағы шығармалары таспаға басылып, тарту-таралғы ре­тін­де кәдеге жарайтын болады. Мұнымен қоса, Қарағанды облыс­тық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітап­ха­наның ресми сайтына, «YouTube» әлеуметтік желісіне жүктеледі.

Мәдениет • 18 Сәуір, 2024

Ұлт мәдениетінің ұйытқысы

Қарағанды бүгінде мәде­ниет­тің алтын аймағына айна­лып тұр. Республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени іс-шаралар Арқа жерін­де абыроймен өтіп жүр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа. Жы­лына жүздеген рухани кеш өткізіп жүрген орталық бар. Олардың таудай еңбегі көбіне көрінбей, тасада қалып жатады. Шындап келгенде, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталы­ғы үлкен жүк арқалап жүргенін ел-жұрт біле бермейді.

Жәдігер • 15 Сәуір, 2024

XIX ғасыр жебесінің жұрнағы

Қасиетті Қарқаралы қала­сындағы тарихи-өлкетану мұ­ра­жайының қоры XIX ғасыр­ға тиесілі жебе ұштары жәдіге­рімен толықты.

Еңбек • 15 Сәуір, 2024

Жер астындағы жылыжай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласын дамыту мәселесі бойынша «Бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халық­аралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет», деген болатын. Президенттің бұл пәрменін, әсіресе еліміздегі жоғары оқу орындары сәтті жүзеге асырып отыр. Мәселен, күні кеше зерттеу мәртебесін алған Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жерасты термос-жылыжайы жемісті жұмыс істеп келеді.

Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Арқаның ақ пейілі

Жұма күні облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен – жүрекке!» республикалық акциясы аясында қалалық Достық үйіндегі көмек жи­нау пунктінен Қостанай облысына екі жүк көлі­гімен гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Қоғам • 12 Сәуір, 2024

100 мыңға жуық оқырманы бар шопан

Жастар ауылдан ат-тонын ала қашады, масылдыққа бейім деген сөз жаңсаққа айналып келеді. Қарағанды өңірінде ауылға қоныс аударып жатқан жас маман көп. Керек десеңіз, қаладағы жұмысын тастап, шаруашылық ашып жатқан жігіттер де бар. Солардың ішіндегі ең жасы, еті тірісі – Нұрбек Жәнібекұлы.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Экосенбілік: Ел болып жұмылған еңбек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма беріп, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болатынын айтқан еді.Жасыратыны жоқ, ыбырсыған қоқыс, қалай болса солай шашылған қалдықтарымыздың бетін қыс бойы қар жауып келгендей. Қар қалай ериді, қала қобырсыған қоқыстан аяқ алып жүре алмай қалады. Тазалыққа жауап­ты мекемелер Қарағандының қоқысын тазалап үлгермей жатыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев апта басын, яғни дүйсенбі күнгі жұмысын қаланың тазалығын тексеруден бастады. Аймақ басшысы дүйсенбіде Қазыбек би ауданын, сейсенбіде Әлихан Бөкейхан ауданын аралап, қос аудан әкіміне ескерту жасады.

Шаруашылық • 11 Сәуір, 2024

Сұранысы көп «Агрохорвест» көкөнісі

Елімізде шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43 пайыздан асып отыр. Абайлық жеке кәсіпкер Әлия Жұматаеваны осы қатарға жатқызуға әбден болады.