Спорт • 16 Сәуір, 2025

Қарағандыда әлем чемпионына көлік мінгізді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан әйелдер арасында Қарағандыдан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Аида Әбікееваға Қарағанды облыстық Бокс федерациясы автокөлік мінгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда әлем чемпионына көлік мінгізді

«Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Камалутин Халиков әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!»,  деп хабарлады бокс федерациясы.