Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
265 материал табылды

Аймақтар • 24 Тамыз, 2023

Шабындықтағы шаруа жайы

Амандық болса, аймағымызда 458 мың сиыр, 696 мың қой-ешкі, 312 мың жылқы қысқа кіреді. Арқаның алты ай қысынан бұл малды күйлі шығару үшін 1,9 млн тонна шөп қажет. Қазір шабындықтағы шаруа да, астықты алқаптағы науқан да қызу. 994 мың гектар жерден астық жиналады. Арзандатылған дизель отынының қоры да жеткілікті.

Құқық • 23 Тамыз, 2023

Қала қайтсе қауіпсіз?

Құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыстық істі әшкере етуде бейнебақылау камераларының пайдасы зор болып тұр.

Қоғам • 23 Тамыз, 2023

Қайырымды қадам

Нұра ауданының кәсіпкері Гүлзада Маханбетова әлеуметтік осал топқа жататын бес отбасының балаларына мектепке қажетті керек-жарағын әперді. Мұндай шарапатты шаруа ауданда жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында өтіп тұрады. Кәсіпкер бастап берген челленджді басқа да ақжүрек азаматтар әрі қарай жалғауда.

Білім • 23 Тамыз, 2023

Жаңа оқу жылына әзірлік

Санаулы күннен соң мектеп қоңырауы сыңғыр қағады. Ал Қарағанды облысындағы бес мектепте енді қоңырау соғылмайды. Есігі тарс жабылды. Ауылдағылардың дәрмен қылар дәнеңесі де жоқ. Бала саны аз болғандықтан, биылғы жаз оларға алаң күй кешумен өтті. Дегенмен, бүлдіршіндер жақын маңдағы мектепке барады.

Көрме • 22 Тамыз, 2023

Кеншілер тағдырына арналған көрме

«Қазақстан» шахтасындағы қайғы дүйім елдің қабырғасын қайыстырды. Қарағандыдағы «Алтын ғасыр» галереясында таяуда аталған шахтада қаза болған бес кеншіні еске алуға арналған «Жер астындағы сансыз метр...» деген атаумен көрме ашылды.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2023

Қыста қалтырамас үшін қамданыс

Елімізде коммуналдық желілері әбден тозған төрт облыс болса, соның бірі – Қарағанды облысы. Екібастұздағы былтырғы апаттан кейін жылу желі­ле­рін жаңарту жұмыстары жандана бастады. Әйтпегенде, алты ай қысты өткеретін Қарағанды, оның ішінде құбырларының тозығы әбден жеткен Темір­тау Екібастұздың кебін киеді екен. Кеңес дәуірінен бері келе жатқан жылу желілері жаңартылмаса, қыстан қалтырап шығуымыз әбден мүмкін де еді...

Үкімет • 21 Тамыз, 2023

Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі

17 тамыз күні «АрселорМиттал» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, оқыс оқиға болды. Сол уақытта жер астында 227 адам болған. Кеніштегі 222 жұмысшы жер бетіне дереу шығарылғанымен, 5 кеншіні құтқарып қалу мүмкін болмады. 5 кеншінің де денесі табылды. Ал өрт әлі басылмады. Мемлекет басшысы Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде шұғыл тапсырма берді.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2023

Жаңа автобустар жолға шықты

Биыл Қарағанды облысында 165 жаңа автобус жолға шығады. Іргедегі «Саран Qaztehna» зауытынан №5 автопаркке 59 автобус жеткізілді. Бұл жаңалыққа Пришахтинск тұрғындары ерекше қуанды. Бұған дейін осы бағытта қатынайтын №145 және №45 автобустардың дені ескірген еді. Жолаушылар енді «Еуро-5» экологиялық стандарты талаптарына толық сай жаңа маршрутпен қатынайды.

Аймақтар • 18 Тамыз, 2023

Торқалы тойдан тәбәрік

Сарыарқаның алтын қақпасы атанған, Арқа мен Жетісудың арасын жалғап жатқан Сарышаған кентіне 70 жыл толды. Ынтымағы жарасқан, ырыс-берекесі тасыған ауыл халқы мерейлі жылды торқалы той өткізіп атап өтті. Бұл тойда елге шарапаты тиетін игілікті іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, ауылдың ең биік жотасынан сәні келіскен саябақ ашылды. Ауыл жастарына арналған волейбол мен баскетбол алаңы бой көтерді. Теміржол вокзалындағы жаңадан ашылған мұражайда жолаушылар түрлі жәдігерлермен таныса алады. Мешіт жанындағы діни сауат ашу орталығы мен асхана ауылға жанашыр азаматтардың атсалысуымен салынып отыр.

Төтенше жағдай • 18 Тамыз, 2023

Шахтадағы өрттің өкініші

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының іргесіндегі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында апат болды. 170 метр тереңдікте өрт шыққан. Конвейер таспасы өртеніпті. Зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар төрт адамды іздестіруде. Бір кеншінің денесі табылды. Шахта ішіндегі қою түтіннің салдарынан іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Оқиға орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды. Өрттің себептері анықталып жатыр.