
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024
Сәулетіне мазмұны сай нысандар
Шалғай ауылдардың шамын қайта жағу үшін ескі нысандарды жаңартып, қарапайым шаруаларға қолдау көрсеткен абзал. Осы мақсатта биыл өңірде ондаған әлеуметтік нысан бой көтерді. Алыстағы елді мекендерде жаңа ғимараттардың іргесі қаланды. Айталық, Қаратал ауданына қарасты Ескелді би аулында 150 орынды блок-модульдік Мәдениет үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Тіршілік көзі тиімді пайдаланылады
Аграрлы өңірдің даму динамикасы суға тікелей байланысты. Егін мен мал шаруашылығын сусыз елестету мүмкін емес. Бүгінде жергілікті билік іргедегі өзенді тиімді пайдалануды ойластырып жатыр. Жақында жағалауларын нығайтып, тасқынға тосқауыл қойылды. Енді электр стансаларын салуды көздеп отыр. Бұған дейін Текелі қаласында ГЭС салынса, келер жылы Ескелдіде бой көтереді.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2024
Екі ел шекарасындағы ерекше аймақ
Жетісу өңірі шекарасының бір бөлігі Қытаймен шектеседі. Бүгінде екі ел арасындағы сауда-саттықтың алтын көпіріне айналған облыстың экономикалық қуаты артып келеді. Алдағы уақытта қос тарап туризм саласына ден қоюды ойластырып отыр. Осы мақсатта Жетісу мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде меморандум жасалды.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2024
Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын «Жаркент – Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі салтанатты түрде ашылды. Бұл бағытта «Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл стансасына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер қатынайды.
Аймақтар • 30 Қараша, 2024
Жетісу жерінде кезекте тұрған әлеуеттік осал топ өкілдеріне 40 үйдің кілті табысталды. Алдымен Күреңбел жеріндегі төрт елді мекенде салынған баспаналар ауыл халқын қуантса, одан кейін облыс орталығында 17 пәтер иесін тапты. Биыл өңірде жүздеген отбасы қоныстойын жасады. Келер жылы тағы да көпқабатты бірнеше үйдің құрылысы аяқталады.
Мәселе • 27 Қараша, 2024
Өңірде қант қызылшасы көп, ал оны қабылдайтын зауыттың мүмкіндігі төмен. Бұл жайт Жетісуға тағы бір қант өңдейтін өндіріс орны керек екенін айқындап тұр. Күздің басынан басталған күйбең тіршілік әлі жалғасып жатыр. Жол бойында кезегін күткен қызылша тиеген жүк көлігінің жүргізушілері күздің қара суығында берекесі кеткенін айтып отыр. Қант кәсіпорындарының бір ашылып, бір жабылуы шаруалардың уайымын үдетіп барады.
Қоғам • 27 Қараша, 2024
«Жанұя» отбасыларға қолдау көрсетеді
Қоғамдағы әртүрлі ахуал отбасына тікелей әсер етеді. Сондай жағдайда шаңырақты шайқалтпай, сақтап қалу үшін тығырыққа тірелген жандарға жол көрсеткен абзал. Сол себепті Мемлекет басшысы азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына қолдау көрсету керектігін айтқан еді. Осы мақсатта Кербұлақ ауданының Қоғалы аулында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды.
Инвестиция • 26 Қараша, 2024
Инвестициялық жобаның игілігі мол
«Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу» инвестициялық жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асырып жатыр. Жоба Үкіметтің 2024 жылғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына кіреді. Жаңа газ құбырының құрылысы тамыз айында Премьер-министр Олжас Бектеновтің Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде басталған. Бүгінде жүз шақырымнан астам құбыр дәнекерленді.
Аймақтар • 26 Қараша, 2024
Жетісуда 200-ге жуық медицина маманы жетіспейді. Бұл мәселені шешу жолында сырттан дәрігер тарту жұмысы жүріп жатыр. Дегенмен ауылдарда ашылған шағын емханаларда білікті маман жоқтың қасы. Денсаулық сақтау министрлігі бұл түйткілдің алдын алу мақсатында жас мамандарды ауылдық жерлерде тәжірибеден өткізуді ойластырмақшы. Солай болған жағдайда грантқа түскен түлектер елді мекендерде жас педагогтер секілді қызмет етуге міндеттеледі.
Аймақтар • 22 Қараша, 2024
Панфилов ауданының шаруалары ала жаздай жүгерінің жайына үңіледі. Олардың тұрмысының түзу болуы сол дәнді дақылға байланысты. Биыл әр гектардан орташа есеппен 70 центнерден өнім жиналған. Қазір ауыл қырмандарына 163 мың тоннадан астам жүгері әкелініп, жергілікті тұрғындардың қатысуымен сұрыптау, кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қырман іші «дала аруының» қызыл дәніне толы.