Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
97 материал табылды

Білім • 27 Ақпан, 2023

Дохадағы кездесу

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің оқушылары Қатар мемлекетінде өткен «Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі» жастар конференциясына қа­тыс­ты. Мұнда әлемдегі мәдени һәм экономикалық өз­герістерге қазақ балалары өз ойларын қосып, өзара пікір алмасты.

Өнер • 24 Ақпан, 2023

Богемалық рапсодия

Біздің Димаш ән айтқанда жаныңыз масайрайды. О, сол дария дауыстың демінен тау дірілдердей, жер теңселердей… Құдайды еске салады. Сенесіз бе, біз бүгінгі өнерге соның биігімен көз тас­тайтын болдық. Енді үнемі солай бола бермек.

Абай • 16 Қаңтар, 2023

Жетісуда Абай ескерткіші бой көтереді

Жетісуда Абай Құнанбайұлының ескерткіші жоқ. Ұлт руханиятының абызына арнап ескерткіш орнатуды халық көптен бері айтып келеді. Жақында өңір тұрғындары облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездескенде де айтқан еді. Ақыры тас бейне Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының алдына қойылатын болыпты. Ал сонда биыл облыс болып жүз жылдық мерейтойын атап өткелі отырған халық әртісінің ескерткіші қайда орнатылады? Жұрттың пікірі екіге жарылуда. Ескерткіш қоюдың да өз мәдениеті бар емес пе?

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021

Иттің тектісі – тазы

Аңшылыққа жаны құмар бабаларымыз қыранның қырағылығына ғана емес, тазының тектілігіне аса мән берген. Жүйрік аттың жанына ертіп жүріп, қаңжығасы майланып, құс қанаты талатын ұлан-ғайыр даланы еркін шолғаны ертегі емес. Жеті қазынаға балап, жолда қалдырмас жолдасын­дай қадір тұтқаны да әмбеге аян. «Иттің тектісі – тазы» деп тану қазақы қалып­ты түсініктен туған тәмсіл. Біздің бүгінгі әңгімеміз де сол туралы.

Руханият • 22 Қыркүйек, 2021

Смайликпен сөйлесейікші

Әлеуметтік желінің әуеніне төңкерілген қауым, смайликпен сөйлеуді салтқа айналдырғалы қашан? Бүгінде осы бір домалақ бас белгілерсіз әңгімеміздің әрі кірмейтіндей һәм бойымызға нәрі сіңбейтіндей көрінеді. Кісінің қандай көңіл күймен хат жазып отырғаны теңіз­дің арғы бетіндегі адамға да әсер етеді. Әсер еткені былай тұрсын, абыржып та қаласыз. Сол арқылы тіпті сөздің энергиясын сезінесіз. Дөңгеленген дүниеде дидар­­ласудың дәмін келтіретін осынау дөңгелек таңба бол­маса, доптай домалаған сөздің де сәні болмайды-мыс.

Қоғам • 25 Тамыз, 2021

Жастарды адасудан арашалау маңызды

Интернет кеңістігі арқылы терроризм, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясы кең етек жайып тұрғаны белгілі. Әсіресе, жастардың арасында жат ағымға жармаса кететіндер бары көңілге кірбің ұялатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Алматы облысында ықпалды істер атқарылу үстінде.

Тарих • 17 Тамыз, 2021

Ежелгі дәуір елесі

Тарихын аңызға сүйеген алаштың қасқыр мінезіне қарап бойынан бөрілік сипатты байқайсыз. Тіпті онысын тасқа қалап, ағашпен ойып та баяндайды. Бөрілі байрақ қолға алып шапқан бабамыздың ерлігі өз алдына, топырағын қазсаң қазба байлығынан да көкбөрілік рух аңқып тұрады. Тасқа қашап, ағашты жонып салынған суретке қарап, ежелгі дәуірдің келбетін көреміз. Бұл – біздің тарихтың шежіресі.

Елорда • 04 Тамыз, 2021

Ескі құжаттардағы бүгінгі тіршілік

Архив – ақиқат кемесі. Тарих теңізінде еркін жүзгіңіз келсе сол кемеде болуыңыз шарт. Неге десеңіз, қымбат құжаттарды қолмен ұстап көрмей, өткенінізге баға бере алмайсыз. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының мемле­кеттік архивінде 1964 жылы қалалық кеңес депутаттарының құнды хаттамалары бар. Қызығы сол, ескі қолжазбаларда мадақ пен құрметтен гөрі сын пікір самсап тұр. Оны қарапайым халық шенеуніктердің шаңын қаққанын құжаттар дәлелдеп береді.

Тарих • 03 Тамыз, 2021

Қасқыр бейнелі қасық

Тарих – құпиялардың сөздігі. Шешімін табу үшін көне дүниелердің көзімен қарауға тура келеді. Адамзаттың шыққан тегін анықтайтын да сол құнды жауһарлар. Сенбесеңіз, көркемделіп ойылған зооморфты сүйек қасыққа қараңызшы. Бөрінің бейнесі сызылған ескі заттан қазақтың иісі шығып тұр.

Өнер • 03 Тамыз, 2021

Рух бейнесі

Айпара жүзінен ақиқаттың нұры ескен алдаспан ақынның бейнесінде рух­ бар. Жанарынан тұнған ызғардан ұлтқа деген жанашырлықтың лебі еседі. Көрген көз ұзақ қарауға батпайды. Қайткенмен де поэзиялық портреттің мысы басады. Жылдар жанарын буласа да осы түр, осы кейіп мәңгіліктің төрінде. Бөрілермен бөрілерше белдескен ақынның тұлғасы болашақтың бет­түзер рухани құбыласына айналуы заңдылық!