Құқық • 13 Маусым, 2024
Атырау облысында 1 ақпанда «Кибер Шериф» ақпараттық борттық бағдарламасы іске қосылған еді. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне осы бағдарлама орнатылған 28 арнайы көлік берілді. Қазір тәртіп сақшылары көліктермен жолдағы қауіпсіздікті қадағалап жүр.
«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024
Жайық жағасын тазалау басталды
Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы енді басталды. Өйткені өңір тұрғындары кейінгі екі ай бойы Жайық өзеніндегі тасқын судан төнген қауіпке байланысты әбігерге түскен еді.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Бұрын отбасын тастап кеткен безбүйрек әкелер ғана балаларына алимент төлемеуші еді. Алайда бүгінгі қоғамда тоғыз ай құрсағында тербеткен ұрпағы үшін алимент төлемейтін аналар да бар.
Білім • 08 Маусым, 2024
Ойыл, Жем және Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендегенімен, оның зардабы әлі толық жойылған жоқ. Тасқын судың салдарынан кейбір білім ордалары сабақты онлайн режімде өткізуге мәжбүр болды.
Мәселе • 08 Маусым, 2024
Бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған қылмыстың бірі – алаяқтық. Арамза іске бел буып, өзгенің маңдай терімен тапқан табысын өз пайдасына жарататын алаяқтар айылын жимай тұр.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
Атырау облысында 7 сәуірден бері табиғи сипаттағы төтенше жағдай сақталып отыр. Содан бері 1846 сәбидің өмірге келгені тіркелген. Нәрестелердің арасында 961 ұл, 885 қыз бар.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Құлсарыда 100 үйдің қадасы қағылды
Құлсары қаласындағы тасқын судан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары қарқын алғалы отыр. Қазір зардап шеккен тұрғындар үшін 100 жаңа үйдің қадасы қағылды.
Су тасқыны • 01 Маусым, 2024
Тасқын су жазыққа жайыла бастады
Индер мен Махамбет ауданында Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп, жазық далаға жайылып жатыр. Кеше түскі мезгілде Индербор кентінің тұсында 1 сантиметрге азайып, 9 метр 47 сантиметрді құрады. Ал Махамбет ауданында 10 метр 14 сантиметр болды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2024
Құлсарыда ауызсу неге лайланған?
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласының тұрғындары тағы бір түйткілге тап болды. Бұл – тұтынатын ауызсудың лайланғаны. Осыған байланысты Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласындағы ауызсу сапасын жақсартуды тапсырды.
Құрылыс • 30 Мамыр, 2024
«Болашақта» бой көтеретін баспана
Құлсары қаласында су тасқынынан бүлінген үйлерді бағалау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Бұл жұмысты 10 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.