Қылмыс • Бүгін, 11:18

Атырау жасөспірімдері құқық бұзушылықты қай кезде жасайды?

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өскені байқалады. Осыған орай жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатындағы профилактикалық жұмыс күшейтілді, деп жазады Egemen.kz.

Атырау жасөспірімдері құқық бұзушылықты қай кезде жасайды?

Атырау қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Махсот Амангерейұлының айтуынша, биылғы 11 айда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс 13,7%, балалар арасындағы жыныстық сипаттағы заңсыз әрекеттер 25,6% төмендеген. 

«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өскені байқалады. Осы кезге дейін 235 оқушы мектепішілік есепке алынды. Ал түрлі құқық бұзушылық жасаған 187 бала полиция есебінде тұр. Бала тәрбиесімен айналыспай отырған 200-ге жуық ата-ана бақылауға алынды», дейді Махсот Амангерейұлы. 

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Дулат Хамзиннің дерегіне қарағанда, 227 мектепте ата-аналарды қолдайтын педагогикалық орталық құрылған. 

«Жаңа оқу жылы басталғалы чат арқылы балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты ақпараттар мен ескертулер таратылды. Жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың басым бөлігі сабақтан кейінгі кешкі мезгілде жасалады», Дулат Хамзин.