Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2308 материал табылды

Тағайындау • 29 Наурыз, 2024

Атырау облысының дін басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды Қаһарман Мұсаев атқаратын болды, деп жазады Egemen.kz.

Экология • 29 Наурыз, 2024

Күкіртті сутегі шектен тыс көбейген

Атыраудың ауасы тағы да бүлінді. Жағымсыз иіс қолқаны қабып, тынысты тарылтып тұр. Экологтер атмосфералық ауада күкіртті сутегінің мөлшері шекті шоғырланудан бірнеше есеге асқанын айтып отыр. Бір жұтым ауаның жұпар болмағанына қынжылған тұрғындар «Ұйқыдан оянбай қаламыз ба?» деп алаңдайды.

Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Асық ойнаған озар

Атыраулық ұстаз Эльвира Ақбатырова оқушыларға ұлттық асық ойындарын үйретеді. Өзі 200-ден аса асық жинап, түрлі түске бояған.

Еңбек • 27 Наурыз, 2024

Мердігерге айналған жұмысшы

Атырау облы­сын­­дағы­ «Теңіз» – жұ­мыс бе­ру­шілер де, жұ­­­мыс­шы­лар да кө­п шоғырланған бе­­ре­­келі ке­ніш. Кен орнына жұмысқа орна­лас­қы­сы келе­тін жандар да, мер­дігер болуға ұм­ты­ла­тын ком­па­ния­­лар да аз емес.

Құрылтай • 15 Наурыз, 2024

Елдік бастамалардың бірегей алаңы

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел тарихында айрық­ша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласын­да атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын», деген еді. Бүгін Атырауда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтеді. Ал кеше құрылтай қарсаңында ұйымдастырылған пленарлық басқосуда ұлттық құндылықтар мен білім мәселесі, отбасындағы тәрбиеге баса мән берілді.

Денсаулық • 11 Наурыз, 2024

Семіздіктің салдары

Мемлекет тарапынан кәсіп ашуды көздегендерге қолдау көп. Ал шағын және орта бизнеске бет бұрғандар арасында донер, бургер, самса секілді тағамдарды жылдам дайындап, тұтынушы қатарын көбейткендер жетерлік.

Қоғам • 11 Наурыз, 2024

Атыраудағы ақын кеші

Қазақ поэзиясының белді өкілі, ақын, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың өлеңдері көп оқылады. Ұлт руханиятына айтулы үлес қосқан ақынның оқырмандары қатарында атыраулықтар да бар.

Сұхбат • 10 Наурыз, 2024

Әріптестік интеграцияға бетбұрыс

Мұнайлы өңірде жоғары білімді маман даярлайтын екі оқу орны бар. Соның бірі – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті. Қазір аталған білім ордасын индустриалды университетке айналдыру, білім, ғылым және әріптестік интеграциясы ұштағанын іске асыру қолға алынды. Бұл туралы университет ректоры Гүлзада ШАКУЛИКОВА әңгімелеп берді.

Аймақтар • 10 Наурыз, 2024

Жұқа мұз қауіпті

Құрманғазы ауданында «Шарон» деп аталатын өзен бар. Арнасынан асып-тасып жататын «тентектігі» жоқ. Дегенмен тұрғындардың қауіпті ескермеуінің салдарынан өзенге құлау дерегі тіркеліп тұрады.

Әйел әлемі • 10 Наурыз, 2024

Ұлдар командасындағы қақпашы қыз

Атырауда футболдан қыздар командасы жоқ. Бірақ «Real­SportAcademy» ұлдар командасының қақпасын қорғайтын қақпашы қыз бар. Аты-жөні – Дильназ Барсаева. Иә, бұл –қалжың емес, рас.