Тарих • 15 Желтоқсан, 2023
Нұрым Ерғалиев: Сол күнгі жел де ызғарлы еді
Қазақ елінің шежірелі тарихында Желтоқсан көтерілісінің алар орны ерекше. Алаңға шыққан асқақ рухты жастар озбырлық саясатқа қарсылығын бейбіт шеру арқылы білдірмек еді. Алайда бәрі басқаша өрбіді. Тіпті қазақ жастарының шеруі әлем назарын аударды. Бірақ әлі күнге дейін айтылмаған дерек аз емес.
Жастар • 14 Желтоқсан, 2023
Атырауда жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар берілді. Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына 50-ден аса азамат өз жобасын ұсынған. Олардың 10-ы үздік деп танылып, қайтарымсыз грантқа ие болды.
Қылмыс • 14 Желтоқсан, 2023
Атыраудағы тамыры терең қылмыстың бірі – браконьерлік. Жыл сайын көктемде және күзде «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілгенімен, бағалы бекіре тұқымдас балықтарға қырғидай тиетін браконьерлер қатары азаяр емес.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Коммуналдық сала өкілдерінің сыналар шағы басталды. Атырауда ауа температурасы күрт төмендеп еді, сумен қамту мәселесінен ши шыға жаздады. Дәлірек айтқанда, тұрғындар бір тәулікке жуық сусыз отырды.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2023
Атыраулық оқушы Артем Кеорков әр елдің ақшасын жинауды ұнатады. Қазір оның жеке қорында 80 мемлекеттің банкноты бар. Өйткені ол тек Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің ақшаларын жинаған.
Табиғат • 08 Желтоқсан, 2023
Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына шетелдік туристер жиі келеді. Өйткені Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасына таяу орналасқан бұл қорықта құстың 292 түрі кездеседі. Сирек құстың 36 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер де бар.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023
Атырау облысында қиналған жанға қайырымдылық көрсетіп жүрген еріктілер аз емес. Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлының айтуынша, қазір 57 волонтерлік топ пен қай істі де ерінбей атқаруға құлшынып тұрған 712 ерікті тіркелген.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023
Көзайым көше ауылдан басталады
Көзден кеткенімен, көңілден өшпейтін, есімі ел есінде қалатын жандар болады. Әділдікті ту етіп, қиналған жанға қолұшын созуға асыққан қаламгер, «Егеменнің» даңқты журналисі Нұриден Мұфтах есімі жұрт жадында қайта жаңғырды. Енді Атырау қаласына таяу орналасқан Жаңаталап ауылындағы көшенің бірі қаламгердің атымен аталады.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
Қылмыстың өтеуі – жаза. Әсіресе мал ұрлағандарға қарсы қолданылатын жаза қатаңдатылғанымен, төрт түлікті қорадан да, өрістен де қолды ететіндер азаяр емес. Мәселен, Атырау облысында жыл басынан бері 24 мал ұрлығы тіркелген.
Ұлттық спорт • 04 Желтоқсан, 2023
«Нұртөбел» – марафон жеңімпазы
Атырау облысында ат спортын дамытуға бет бұрғандар аз емес. Жеті ауданда да түрлі бәйгеге жүйрік қосып, қомақты жүлдені иеленіп жүргендер көбейіп келеді. Соның бір дәлелі «Ұлы дала жорығы» жобасы аясында өткен 90 шақырымдық бәйге марафонында байқалды.