Тұлға • 14 Наурыз, 2025
Табылды Досымов талайдың жүрегін ырғағы бөлек әнімен, өзінен басқа ешкім қайталай алмайтын дауысымен баурады. Оның әндерінен қазақтың болмысы мен мінезі байқалып тұрады. Тау көтерген Толағайдай тұлғалы талант заманымыздың сал-серісі секілді еді.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Қыз-келіншектердің көлік жүргізетіні таңсық емес бүгінде. 74 жастағы Сәуле Мұсаеваның көлік руліне отырғанына 30 жылдан асқан. Кейінгі 22 жылдан бері жолаушы тасымалдап жүр.
Халық • 07 Наурыз, 2025
Қиын кезде қолдаған халыққа риза
Қазаққа жиі алғыс айтатын этностың бірі – кәріс. Өйткені жергілікті тұрғындар 1937 жылы Қиыр Шығыстан депортацияланған оларды кеудеден итермей, бауырына басты. Қазір Атырау облысында қиырдан жер аударылған этностың 3 мыңға жуық өкілі бар.
Денсаулық • 07 Наурыз, 2025
Ана мен бала өмірін қалай сақтаймыз?
Еліміздің кейбір өңірлерінде ана мен бала өлімі азаймай тұр. Сәби сүюге талпынған аналардың бақилық болуына, жарық дүние есігін енді ашқан нәрестелердің шетінеуіне не себеп? Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Атырауда өткен көшпелі отырысында талқыланды.
Тұлға • 01 Наурыз, 2025
Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейтін жадыда жүретін нақылы бар. Бұл – әсіресе ғылым жолына түскен ғалымдарға тән қасиеттер. Мұны атыраулық ғалым Ерсайын Ихсанов темірқазықтай жарқырап тұратын бағдаршамына айналдырды.
Шаруашылық • 28 Ақпан, 2025
Балық өсірушілердің жалақысы неге аз?
Былтыр көктемгі су тасқыны салдары мұнайлы өңірдегі балық өсіру шаруашылықтарының жұмыс қарқынын бәсеңдетті. Алайда Атырау бекіре өсіру зауытын жаңғырту жобасы жағдайды түзетуге серпін беруі мүмкін.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Атырау облысында 28 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
Индер ауданының Көктоғай ауылы тұрғындарының айтуынша, жылқы мен сиыр жиі ұрланады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Концлагерь тұтқынында болған атыраулыққа 1 миллион теңге беріледі
Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангер қалмады. Бірақ соғыс кезінде концлагерьдің тұтқынында болған Екатерина Абсатырова тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Өнертапқыш • 27 Ақпан, 2025
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері қамыс пен тамақ қалдықтарынан фитоқабат өндірудің тиімді тәсілін ойлап тапты. Студенттер бұл үшін «Waste2wear» командасын құрған.
Мәселе • 25 Ақпан, 2025
Газ өңдеу зауытының игілігін қашан көреміз?
Каспий теңізінің біз жақ секторында көмірсутекті шикізат қоры табылған үш кеніш бар. Бұл – Қашаған, Қайраң және Ақтоты. Оның ішінде ең ірі кен орны – Қашағаннан «қара алтын» өндіру 9 жыл бұрын басталды. Бес елге ортақ айдын тереңіндегі мұнаймен бірге екі өнім ілесе шығады. Бірі – ілеспе газ, екіншісі – күкірт. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қашағандағы газ өңдейтін зауыт құрылысы мәселесіне арнайы тоқталды. Жобаға жауаптыларға құрылысты межеленген мерзімде аяқтауды тапсырды.