Taza.kz
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
287 материал табылды

Спорт • Бүгін, 09:05

Ұлттық құрама – турнир жеңімпазы

Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Астанада өткен FIFA Series 2026 турнирінде чемпион атанды. Талғат Байсуфинов бас­­тайтын бас команда елорда төрінде Намибия мен Комор аралдары құрамаларын жеңді.

Спорт • Бүгін, 09:00

Бауыржан Тахауов: Қайсар рух та қолдауды қажет етеді

Елордадағы Паралимпиадалық орталықта параволейболдан ұлттық құрама ойыншылары оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алда бірнеше дүбірлі дода бар. Жақында білікті маман Бауыржан Тахауовтан тәлім алатын жігіттердің әзірлік барысымен танысып, бас бапкермен тілдесіп қайттық.

Волонтер • Кеше

Егде волонтердің елеулі ісі

Ерікті болуға да асқан ерік-жігер керек. Сол тұрғыда күміс волонтерлікке зейнет жасындағы қарттардың көпшілігі ықылас таныта бермейді. Себебі, өзінің уақыты мен тәжірибесін өзгеге тегін ұсынатын қызметті ізгілікке ұмтылғандар ғана арқалай алса керек.

Спорт • Кеше

Жарыс күнделігі

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Turkiye Open-2026 халықаралық турнирі аяқталды.

Шахмат • 01 Сәуір, 2026

Бибісара үміткерлер турнирінде бақ сынайды

Кипрде әлемдік шахмат жұлдыздарының жарысы бас­­­талды. 15 сәуірде мәресіне жететін дүбірлі аламанға алғаш рет еліміздің шахматшысы қатысуға мүмкіндік алды. Блицтен әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева төрткүл дүниеге танымал саңлақтармен бірге додаға түседі.

Спорт • 31 Наурыз, 2026

Жарыс күнделігі

Астанада семсерлесуден әлем кубогі мәресіне жетті. 46 елден келген 500-ге тарта спортшы елорда төрінде тартысқа түсті. Ерлер мен әйелдер арасындағы дүбірлі дода Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұлттық спорт • 31 Наурыз, 2026

Додаға намыс түскенде...

Өзбекстанның Бұқара қала­сында көкпардан халықаралық турнир өтті. Еліміздің құра­масы іріктеу кезеңінде қарсы­ластарын ірі есеппен еңсерді. Финал­дық тартыста қырғыз көкпаршыларын сүріндіріп, дүбірлі додада жеңіске жетті.

Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2026

Олжасы мол ұлттық спорт

Бүгін – ұлттық спорт күні. Әр өңірде кілем төселіп атан жілік, апайтөс балуандар белдеседі. Көлденең жатқан құба жонның топырағын тұяғымен тураған тұлпарлар дүбірі естілер аламан бәйге, бәсі жоғары көкпар ұйымдастырылады. Бойжеткеннің бетінен өбуге құмбыл қунақ жігіттер қыз қууға түседі.

Спорт • 19 Наурыз, 2026

Жарыс күнделігі

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден «Orlen Cup» халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Спорт • 18 Наурыз, 2026

Жарыс күнделігі

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Өкінішке қарай, спортшыларымызға медаль бұйырмады.

Яндекс.Метрика