Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1188 материал табылды

Экология • 28 Ақпан, 2025

Теңіз толса, елге – құт

Еліміздегі экологиялық күрмеуі қиын мәселенің бірі – Арал теңізінің тартылуы. Тусыраған теңіз табанына тіршілік нәрінің толуы өңірдің ғана емес, өзге де аймақтардың ахуалын жақсартатыны анық. Қуанарлығы, жылдан-жылға Аралдың суы молайып келеді. Наурыздың соңына дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберілмек.

Сұхбат • 28 Ақпан, 2025

Гүлмира Дәулетова: Шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

Шахматтың әлемдік сайыстарынан біздің саңлақтарымыз қашанда олжалы оралып жүр. Жаһанға қазақ елі шахмат державасы ретінде де танылып келеді. Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) атқарушы директоры Гүлмира ДӘУЛЕТОВАМЕН әңгімелесу барысында осы спорт түрінің даму бағыты қамтылды.

Бокс • 26 Ақпан, 2025

Сәрсекбаевтың сайыпқырандары қосалқы құрамда жаттығады

Талдықорған қаласында 18-22 жас аралығындағы жастар арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Бұл чемпионаттың жөні бөлек. Өйткені ұлттық құрамаға резервтік құрам осы біріншілікте чемпион атанған, жүлде алған боксшылардан жасақталады.

Спорт • 24 Ақпан, 2025

Қазақ спортшылары каратэден 11 медаль олжалады

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында каратэден  жастар арасында халықаралық турнир өтті. А сериясындағы бәсі жоғары додадан спортшыларымыз 4 алтын, 7 қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маман • 21 Ақпан, 2025

Мамандықты тартымды етудің амалы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында кәсіптік білім беру өрісіне реформа жүргізу керегін тапсырды. Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Жұмысшы мамандардың қажыр-қайратын дәріптеп, үлгі ету тек бір жылмен ғана шектеліп қалмауы керек.

Қоғам • 20 Ақпан, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: Әлеуетті арттырудың артықшылығы

Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын қолжетімді әрі ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Осы мақсатта «Әлеуметтік әмиян» жобасы қолға алынды. 2020 жылы алғаш іске қосылған ілкімді жоба биыл барлық салада толыққанды орнауға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында Үкіметке осы тапсырманы мерзімінде орындауды жүктеді.

Қоғам • 19 Ақпан, 2025

Орманшылар мүддесі ескерілсе игі

Орман – елдің баға жетпес байлығы, халықтың ен дәулеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тал егу, орманды алқаптарды ұлғайту ісіне ерекше назар аударып отыр. 2020 жылғы Жолдауында 5 жыл ішінде орманды алқаптарға 2 млрд, елді мекендерде 15 млн түп ағаш көшетін егуді тапсырды.

Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025

Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады

Көктемгі су тасқынына әзірлік барысы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сөз болды.

Спорт • 15 Ақпан, 2025

Азиада: абыройымызды асқақтатқан алтын

Қытайда ІХ қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Хоккейден ерлер құрамасы 9 жыл бұрынғы биігінен көрініп, чемпион атанды. Хоккейшілеріміз қысқы Азия ойындарына 1996 жылдан бері тұрақты қатысып, 5 мәрте топ жарды.

Спорт • 13 Ақпан, 2025

Азия ойындары: Медаль жауған күн

Қытайдың Харбин қала­сында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарына ел қоржынына кезекті жүлделер түсті. Спортшыларымыз 29 жылдан бері ақ Азиада аламанына тұрақты қатысып жүр. Дегенмен фристайл-акробатикадан алтын медаль бұйырмай келген еді. Осы олқылықтың орнын саңлақтар толтырып, алтын медаль олжалады. Шаңғы жарысынан да қанжығамыз майланып, спортшылар бір алтын, бір күміс медаль иеленді.