
Спорт • 11 Қаңтар, 2025
Дінмұхаммед – тұңғыш әлем чемпионы
«Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында саңлақтарымыз тағы да қуантты. Анастасия Городконың жарқын жеңісін жалғап, Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан топ жарды.
Олимпиада • 10 Қаңтар, 2025
Ақпанның 7-11 аралығында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Ақ аламанда мәнерлеп сырғанаудан сынға түсетін құрама жасақталды.
Қысқы спорт • 10 Қаңтар, 2025
Анастасия Городко – әлем чемпионы
«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл могул мен фристайл акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жерлесіміз Анастасия Городко параллель-могулдан жаһан жарысының чемпионы атанды.
Спорт • 07 Қаңтар, 2025
Швейцарияның Базель қаласында семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем кубогі өтті. Құрамында Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников сынды семсерлесушілер бар ұлттық құрама командалық сайыста финалға дейін жеткен еді. Финалдық айқаста мысырлық қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальді місе тұтты.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
«Қазақстан халқына»: Елдік мүдде жолындағы игілік
«Қазақстан халқына» қоры – Үкіметтің немесе өзге де мемлекеттік органның еншісінде емес, Президент айтқандай, халықтық қор. Сирек кездесетін ауруға шалдыққан балалардың ем-домына көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, қабілетті балалардың талабын ұштап, шыңдауға, өзге де салаға қолғабыс етіп келеді.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
«Жалғыз жолаушы» ютуб арнасының авторы журналист Санат Ілиясұлы биыл 15 елге табаны тиіп, қиыр жайлап шет қонған қазақтардың тұрмысын таспалаған. Шалғайда тірлік кешіп жатқан ағайындарға елдің ыстық ықыласын жеткізіп жүрген жиһанкездің әр сапарында басын қатерге тігетін сәттері де кездеседі. Сапар барысында өзге ел тұрғындарының шынайы өмірін қаз-қалпында таспалап келеді.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2024
Былтырғы жыл ел спорты үшін несібесіз болған жоқ. Саңлақтарымыз жазғы Олимпия ойындарынан олжалы оралды. Әлем чемпионаттары мен құрлық додаларынан да еншімізге тиген бәйге аз емес.
Бокс • 31 Желтоқсан, 2024
Қарағанды қаласында бокстан ересектер арасында ел чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінде тәжірибелі саңлақтарға жас буын лайықты қарсылас болды.
Туризм • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл қазақ даласының көрікті орындарын аралап, көркем мекеніне табаны тиген шетелдік туристердің саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артты.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024
Биыл республикалық бюджеттен 3 трлн 436,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, мұның 1 трлн 81,9 млрд теңгесі базалық, 2 трлн 354,5 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға аударылды.