Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
504 материал табылды

Инфрақұрылым • 22 Желтоқсан, 2025

Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды

Ақтөбе облысында осы жылы 31 елді мекенге газ құбыры тартылды. Тек желтоқсанның соңғы онкүндігінде  жеті ауыл тұрғындары осындай игілікке ие болды. Олардың қатарында Байғанин ауданының Қаражар, Оймауыт ауылдары, Шалқар ауданының Алабас, Бершүгір және Сарысай ауылдары, Мәртөк ауданының Аққайың және Покровка елді мекендері бар, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2025

Ақтөбеде үйлі болуды бес жыл күткен үлескерлерге пәтер берілді

Ақтөбеде бес жылдан бері көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қаржы салған 58 үлескердің шешілмей келе жатқан дауына нүкте қойылды. Тәуелсіздік мерекесінде облыс орталығындағы «Алтын орда»  шағын ауданында  ұзаққа созылған нысан «Exclusive» тұрғын үй кешенінде тұрғындарға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Театр • 15 Желтоқсан, 2025

Парижде «Қобыланды батыр» эпосы сахналанды

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе   облыстық драма театрының әртістері  Францияға гастрольдік сапармен барып, Парижде  «Қобыланды батыр»  қойылымын  сахналады. Хореографиялық элементтермен, ерекше көз тартарлық костюмдермен,  домбыра мен қобыздың  дауысымен көркемделген қойылым көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.  ЮНЕСКО  жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов пен  Франциядағы Қазақстанның  Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова  қойылымға арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Шалқар ауданында екі медициналық мекеме салынды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округіне қарасты Сарысай ауылында және Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу ауылында екі дәрігерлік пункт ашылды. Емдеу мекемелері «Ауылда денсаулықты сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асты және облыстық бюджет пен  қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі • 08 Желтоқсан, 2025

Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді

Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 есірткі жарнамасы анықталып, осы іс бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ маскүнемдер мен нашақорлардың бірігіп, есірткі қабылдап, ішімдік ішуіне үй-жайларын берген екі пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 07 Желтоқсан, 2025

Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған фестиваль өтті

Ақтөбеде  ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, отандық және шетелдік дизайнерлердің таңдаулы  топтамалары көрсетілді, бұл күндері  ұмытылған ұлттық тағамдар ұсынылды. Өнер орталығында қолөнер шеберлерінің қой жүнінен әзірлеген алаша, текемет, сырмақтары мен ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, Қазақстан мен алыс шетелдерден келген қолөнершілер шеберлік сабатарын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 04 Желтоқсан, 2025

Биыл Ақтөбеде құны 110 миллиард теңгеден асатын сегіз жоба жүзеге асырылды

Ақтөбеде 20 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен өткен «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025»   жиынында жаһандық өзгерістер жағдайындағы  аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы,  инвестициялық саясат,  инвесторларды қолдау шаралары,  Еуразиялық экономикалық Одақ, Еуропа мен Азиядағы серіктестермен ынтымақтастық  бағыттары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыс • 19 Қараша, 2025

Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңге жымқырған

Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңгені жымқырған Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, 30 жастағы жеке кәсіпкер әйел босануына және сәби күтіміне байланысты декреттік демалысқа шығатын 41 әйелге алаяқтық жолмен әлеуметтік төлемдер алып беріп, мемлекетке 180 миллион теңгеден астам залал келтірген, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қараша, 2025

Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі

Келесі жылы Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу басталады. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті мен «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы мамандары қайта жарақтандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Руханият • 10 Қараша, 2025

Қазақ балаларының сауатын ашу жолында аянбай еңбек қылған Жиенғали Тілепбергенов кім?

Темір ауданында жазушы, драматург, журналист Жиенғали Тілепбергеновтың туғанына 130 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика