Кәсіпкер • 11 Маусым, 2025
Жұмысты жүйелеп, ырысты арттырып отыр
«Айс» серіктестігі 2010 жылы әлемдегі ең танымал гольштейн тұқымдас 2 мың бас сиырды Германиядан әкеліп, сүт-тауарлы фермасын іске қосты. Содан бері Мәртөк ауданында кідіріссіз жұмыс істеп, облыстағы ең ірі шаруашылыққа айналды.
Балалар • 10 Маусым, 2025
Үш айға созылатын каникул күндерін қызықты да мазмұнды өткізу үшін облыстық білім басқармасы он мемлекеттік мекемемен бірлесе іс-шаралар жоспарын құрды. Бірнеше бағытты қамтитын демалыс жоспарына қасиетті орындар мен көрікті жерлерге саяхат, әскери-патриоттық тәрбие, еңбек жасағы да кіреді. Оған өңірдегі 1-10 сынып аралығындағы 175 мың оқушының басым бөлігі қамтылады деп жоспарланды. Биыл оқушылардың демалысына жергілікті бюджеттен 228,1 млн теңге бөлінді.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Білім жүйесіндегі тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастама – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында биыл Ақтөбе облысында 14 мектеп салу жоспарланса, қазіргі уақытта оның екеуі пайдалануға берілді. Бұл – Ақтөбе қаласындағы №79 және №82 мектептер.
Медицина • 14 Мамыр, 2025
2021 жылы Президент тапсырмасымен жүзеге асқан «Аңсаған сәби» бағдарламасының игілігін сәби сүюді аңсаған ақтөбелік отбасылар да көріп жатыр.
Өшпес даңқ • 03 Мамыр, 2025
Қаһарман қыз хақындағы құнды деректер
1985 жылы Жеңістің 40 жылдығы, Әлия Молдағұлованың 60 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында ашылған батыр қыздың мемориалдық музейі зерттеуші Айша Өтеулинаға аса қымбат. Ол осы жылдан бастап, бұл мекемені 1998 жылға дейін басқарды. Аз уақыт ішінде батырлықтың тамаша үлгісін көрсетіп қаза тапқан Әлиямен бірге тағдыры соғысқа байланған басқа да қыршындардың өмірдерегі түгенделді.
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Ализа Кайхарованың жасы – 21-де, мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қоғамдық қызметі – «Вайнах» шешендер этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Ақтөбедегі ҚХА жастары мүшесі, өзге ұлттарға қазақ тілін үйрететін «Qazaqvibe» курсының авторы.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Үш баланың анасы Айгүлім Ақатай «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6,6 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Ырғыз елді мекенінде наубайхана ашты. Қазір Айгүлімнің «Райана» наубайханасында пісірілген нан өнімдері дүкен сөрелеріне жеткен бойы сатылып кетеді.
Байқау • 24 Сәуір, 2025
А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде «Шырқа, менің сырнайым» атты байқау өтті. Оған Қазанғап атындағы саз өнер мектебі, қаладағы үш музыка мектебі, А.Жұбанов атындағы музыка колледжі мен гуманитарлық колледж студенттері қатысты. Үздік шыққандар Атырауда өтетін «Еуразия кубогі» ІІІ халықаралық баян және аккордеоншылар байқауына қатысып, одан іріктелген жасөспірімдер тобындағылар жазда Босния мен Герцеговина астанасы Сараево қаласында өтетін 78-халықаралық байқауға барады.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2025
Вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жақында елімізде әбден тозған 125 теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Олардың қатарында Ақтөбе облысындағы Алға, Ақтөбе, Ембі, Қандыағаш, Жем, Қарауылкелді, Шұбарқұдық вокзалдары да бар.
Мәселе • 18 Сәуір, 2025
Төлеубұлақ петроглифтері жойылып барады
Мұғалжар қыраттарының Жем өзені бастау алатын тұсында ежелгі адамдар петроглифтері сақталған Төлеубұлақ үңгірі бар. Қазір ол жер құм арасындағы елсізде, қорғаусыз жатыр.