Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
23 материал табылды

Аймақтар • 19 Шілде, 2021

Ырғыз ауданының төрт түлігі ащы су ішуге мәжбүр

Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарының шаруашылықтары биылғы жазда аптап ыстық пен қуаңшылықтың зардабын әбден сезінді. Әсіресе Ырғыз ауданының Аманкөл, Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтерінің елді мекендері мен шаруа қожалықтарына мал суару қиынға түсті. Қыста ылғал мөлшері аз, көктемде жауын-шашын болмай, сәуірде Ырғыз өзені тасымады.

Тарих • 07 Шілде, 2021

Ескілік пен естіліктің арасы: Ырғыздан Ырғызбайға дейін

Өлкетанушы, кәсіпкер, мектеп мұғалім­дері мен оқушылары, мемлекеттік қызмет­керлер мен еңбек ардагерлерінен құралған топ «Ырғыздан Ырғызбайдың еліне» атты сапарға шығып, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданын көктей, Шыңғыстау баурайындағы қасиетті орындарды аралады. Ырғыз ауданы азаматтары Абайдың 175 жылдығына орай жоңғар шапқыншылығы заманында Ырғыз өзені бойында өмір сүрген Құнанбай Өскенбайұлының ұлы атасы Ырғызбай ауылының көш жолымен жүріп өтуді өткен жылы жоспарлаған. Індеттің кесірінен сапар кейінге шегеріліп, биылғы маусымның соңында ғана Абай еліне жол түсті.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Цифрлы трансформация: Пойыздар қозғалысын басқару орталығы ашылды

Ақтөбе қаласында ашылған пойыздар қозғалысын басқару орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан бері кідіріссіз жұмыс істеп, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары аумағынан өтетін пойыздардың қозғалысын реттеп отыр. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың цифр­лы трансформация бағыты бойынша елімізде іске асырып отырған тұңғыш қанатқақты жобасы. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративті даму және HR жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов Ақтөбеге келген сапарында пойыздар қозғалысын басқару орталығында болып, Орал, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда қалаларынан осы орталыққа ауысып келген қызметкерлердің жағдайымен танысты.