
Кино • 22 Қаңтар, 2025
Тұлғалар туралы телехикая түсірілді
Келесі жылы ғасырлық мерейтойы аталып өтетін Қазақ театрының тарихы халықтық байырғы шығармалардың сахналануымен және осы жұмыстың бастауында тұрған тұлғалар есімімен тікелей байланысты. Бұл тұлғалардың ішінде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Жұмат Шанин, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев бастаған қайраткерлер бар. Олар халқымыздың ежелгі әдеби шығармаларын театр өнерімен шебер ұштастырып, опера, пьеса, спектакль, симфония ретінде жарық көруіне өлшеусіз үлес қосты, ұлттық өнерге үлкен олжа салды.
Ең қысқа әңгіме • 22 Қаңтар, 2025
Ол өзінің бүгінгі тіршілігіне көңіл толмаушылығын білдірді: «Егер мектептегі мұғалімдерім жақсы болғанда мен өстіп қолыма күрек ұстап қара жұмыс істеп жүрер ме едім... Түк үйретпеді, бәрі шетінен дым білмейтін. Солардың кесірінен міне жүрісіміз осы».
Ең қысқа әңгіме • 21 Қаңтар, 2025
Сол жылы әлдебір себеппен Бетпаққа көшпейтін болдық. Жаз жайлауымыз – Қаратаудың бір пұшпағы Қарақұр қойнауының орта тұсындағы Көкбұлақ аумағы болып белгіленген. Кеңшар басшылығы әкемнің өтінішін ескере келіп солай шешіпті... Мамырдың соңғы аптасынан бастап шопандар жаппай Бетпаққа көш түзеді. Мыңғырған малдың аузы мен тұяғынан төл қоралар маңы жылан жалағандай болған соң жұрттың бәрі қоныс аударуға құмбыл. Біз де Көкбұлаққа көшеміз деп етек-жеңімізді жинай бастағанымызда әкем Байдалы: Бала-шаға тауының етегіндегі Жарма тұмаға екі-үш апта аялдаймыз, қозылардың аяқтанғанын күтеміз», деді.
Пікір • 07 Қаңтар, 2025
Шалкиіз жыраудың «әділ төре ел бастар» деген сөзі бар. Жыраулар поэзиясында кеңінен насихатталған бұл ұғымдар кейін Абай, Шәкәрім еңбектеріне ұласты. «Адал жүріп, адал тұр, счетің тура келуге» дегенде Абай қоғам мен Құдай алдындағы есепті қоса айтқанға ұқсайды. Адамдық қасиеттің негізі саналатын осы адалдық ұғымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың басты ұстыны еткені тегін дейсіз бе? Біздің халықтың сонау түп-танымынан келе жатқан қасиеттер негізінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты тұжырымдама ұсынып, жасампаздық және жаңашылдық басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бүгінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсіріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді.
Пікір • 28 Қараша, 2024
Біз өз құндылықтарымызды нақтылап, екшеп, таразыға салып, тани білмесек, оларды қоғамымызды дамытуда, ұлтымыздың келешегін қамдау жолында басшылыққа алмасақ, өзіндік ұстаным, таным-түсінік, болмысымызды, ұлттық келбетімізді сақтай отырып өркениет көшіне ілесе алмаймыз. Сондықтан бізге жалпыұлттық құндылықтар жүйесін белгілеп, оны бекіту аса маңызды.
Пікір • 03 Қараша, 2024
Берқайырдан сыр тартсаңыз, бүгінгі қазақ қоғамының тыныс-тіршілігінен молынан хабардар боласыз. Оқығаны, одан түйгені көп. Өзі байқағыш. Аңғарымпаз. Сондықтан да болар, қоғамдағы барлық жетістік пен жасампаз істер, қойыртпақ пен келеңсіздік жөніндегі ақпараттар ішінде толып жүреді.
Пікір • 01 Қараша, 2024
Қайбір жылы жазғы демалыстың он бес күнін Қаратаудың күнгей беті – Абай ауылында өткізуді жөн көрдік. Өзен бойлай орналасқан ауылда сауынды бие ұстайтындар баршылық. Солардың бірімен келісіп, саумал ішсек дегенбіз. Үй иесі жақсы қарсы алды, үлкен үйіне жайғастырды.
Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2024
Шымкенттегі А.Байтұрсынұлы көшесі бойындағы «киоскінің» алдында кезекте тұрмын. Алдымда он шақты адам бар. Кезек жылжыр емес. Бір кезде суағар бетон арықтың ішінде қып-қызыл болып бес мың теңге жатқанын көзім шалды. Арық құрғақ. Ауада аздаған желтең бар. Көзді арбаған жарықтық бес мыңдық әлсіз желтеңмен дір-дір етеді. Ол кезде бұл банкнот теңге атаулының ішіндегі төресі еді. Он мың теңгелік шыға қоймаған.
Руханият • 11 Қазан, 2024
Шымкент. 2000 жыл. Облыстық орталық ауруханада емделіп жатырмын. Төрт орындық палатада үш адамбыз. Қасымдағы екеудің бірі – жетпіс бестегі, келесісі – сексендегі қария. Екеуі де сөзшең. Әңгімелері бітпейді. Мен араласа қоймаймын. Біздің міндет – тыңдау. Маған жақсы. Ішім пыспайды. Уақыт өткізуге ермек қылар теледидар, бүгінгідей смартфон жоқ. Түнде ұйқы, күндіз жанымдағы екеудің әңгімесі.
Руханият • 09 Қазан, 2024
Қараой. Күз. Махамбеттің бұл жалғандағы соңғы күні. Бұқпантайлап жеткен сатқындық, аярлық, қастандық. Арманда кеткен асыл ер.