Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
1545 материал табылды

Президент • 22 Қаңтар, 2024

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Хоккей • 22 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: Хоккейшілер қарсыластарын ірі есеппен жеңді

Канвонда өтіп жатқан Жастар Олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан жас хоккейшілер қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғам • 22 Қаңтар, 2024

«Қазақстанға келе қоймас, келсе де кіре алмайды»: СІМ ресми өкілі Тина Канделаки туралы

Ресейлік журналист Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын өзгерту шешіміне орай Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған еді. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудырады деп жазды. Тина Канделакидің осы әрекетіне орай Қазақстанда қандай шара қолданылатынын Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Ауа райы • 22 Қаңтар, 2024

Ел тұрғындарын тағы да - 30 градус аяз күтіп тұр

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтар аралығында Қазақстан территориясында аязды ауа райы болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 22 Қаңтар, 2024

«Дүйсенбіден бастаймын» синдромы. Жаңа іс бастағысы келген адам неліктен дүйсенбіні таңдайды?

Мойындаңызшы... Өміріңізде бір рет болсын жаңа іс бастауды дүйсенбіге қалдырдыңыз ғой, иә? Апта басы символикалық тұрғыда жаңа істі қолға алуға сұранып тұрғанмен, бұл сөзді жиі жалаулатудың психологиялық-менталдық астары барын да ұмытпаңыз. Заманауи психология ғылымы мұндай әрекеттерді «өмірді кейінге шегеру» синдромына телиді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 22 Қаңтар, 2024

Екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Жамбыл облысындағы Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз екі теміржолшыны басып кетті, деп жазады Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қоғам • 20 Қаңтар, 2024

«Air Astana» акцияларын сатылымға шығарады

«Air Astana» ақпан айында Лондон қор биржасында (LSE), АХҚО қор биржасында (AIX) акцияларын сатылымға шығарады. Ал компания акциясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE)  жақын күндері сатылымға қойылады. Бұл туралы әуекомпанияның ресми сайты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы • 19 Қаңтар, 2024

Дихандарға жеңілдетілген несие беріледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс, жиын-терім науқанына орай аграрларға берілетін несиені қаржыландыруды бастады. Бюджеттік кредит аясында 15 млрд теңге мөлшеріндегі несие берудің бірінші кезеңін «Аграрлық несие корпорация» АҚ жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы спорт • 19 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: Жерлестеріміздің жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында 19 қаңтар - 1 ақпан аралығында Жасөспірімдер арасында  IV қысқы Олимпиада өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар жеті спорт түрінің бесеуінде бақ сынайды. Жасөспірімдер құрамасының жарыс жолына шығатын кестесін Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 19 Қаңтар, 2024

Әскерге баратын азаматтарға жаңа талап қойылды

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.