Экология • Кеше
Қатты қалдықтарды өңдеу ісі баяу өңірлер анықталды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің басшылығымен Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңесте экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев табиғатты қорғау, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • Кеше
Теңге нығайып жатыр: Онда неге баға арзандамайды?
Сатушы тараптан «доллар курсы артып жатыр, сондықтан баға да қымбат» дегенді жиі естиміз. Десе де кейінгі аптада доллар құны төмендеп, теңге нығайса да тауар, қызмет бағалары өзгерген жоқ. Мұндай үрдіс экономикада «кері тетік механизмі» ұғымымен түсіндіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
БҰҰ Бас ассамблеясы ұрланған украин балаларын қайтаруды қолдады
БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді мәжбүрлі түрде қоныс аударылған немесе депортацияланған барлық украин баласын дереу қауіпсіз жерге жіберуге шақырды. Украин тарапы мен бірнеше ел біріге ұсынған осы мазмұндағы қарарды 91 ел қолдады. 12 ел қарардың орындалуына қарсы екенін білдірсе, 57 ел қалыс қалған, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • Кеше
«Отбасы банк» зейнетақы қаржысына көз емдеуге тыйым салды
Бүгіннен бастап біржолғы зейнетақы жарналары есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдер қабылданбайды. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Кеше
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 77 мектеп салынды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толығып жатыр. Қор қаражаты мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу мен жаңа білім беру ұйымдарын салуға жұмсалып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Үкімет Жезқазғандағы су мәселесін шешуге қомақты қаржы бөлді
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға жұмсалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді
Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Беларусияда жыл футболшысы атанды
«Қайрат» клубының және Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко жыл үздігі болды. Ол Беларусияда жыл футболшысы атанып, «Жұлдызды доп» марапатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2025
МӘМС басшысы қызметінен неліктен кетті?
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басшысы Айдын Құлсейітовтің қызметінен кетуіне және елдегі сақтандыру жүйесінің жай-күйіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Алматыдағы өрттен зардап шеккен 5 адам ауруханаға түсті
Бүгін Алматы қаласының Жас-Қанат шағын ауданы Хасанғалиұлы көшесіндегі шаруашылық құрылысы мен дүкеннен өрт шыққан. Қызыл жалын 80 шаршы метр алаңды шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, оның тұрғын үйге таралуына жол бермеді, деп жазады Egemen.kz.