Медицина • 27 Қаңтар, 2024
Елордада медициналық мекемелер 75 кәсіпкердің құқын бұзған - прокуратура
Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлер құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелер 75 кәсіпкерге кепіл қаржыны қайтармағаны белгілі болды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қаңтар, 2024
Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары тағы топ жарды
БҚО Бәйге федерациясы Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызығын тағы бірінші болып кескенін хабарлады. Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісіне қатысты жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
Алматы полициясы жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтады. Құзырлы орган оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024
Атырау қаласының бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды
Өткен жылы әкімдік қызметкерлерімен бірге алаяқтық бойынша күдікке ілінген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2024
«3 күн іздедік». Боранда адасқан адамның денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданында адасып кеткен адамның денесін тапты. 23 қаңтар күні екі адамның боранда адасып қалғаны хабарланған еді, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 26 Қаңтар, 2024
Париж жазғы Олимпиаданы өткізуге толық дайын емес - қала мэрі
Биыл 26 шілде - 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылда бір келетін әлемдік додаға дайындық барысын Париж мэрі пысықтады. Анн Идиальго жергілікті BFM телеарнасына берген сұхбатында қала спорттық сайыстарды өткізуге толық дайын емес екенін сынға алып, шұғыл шешілу керек әлеуметтік, материалдық жағдайларға назар аударды, деп жазады Egemen.kz
Қаржы • 26 Қаңтар, 2024
«Ұлттық қор - балаларға»: Биыл 18 жасқа толғандарға ақша аударыла ма?
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Заң аясында биылғы 1 қаңтардан бастап, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шотына аударылып отырады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Қаңтар, 2024
Мемлекет мүлкін заңсыз иемденген жаңа тұлғалар анықталды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысында мемлекет мүлкін тәртіптен тыс қолды еткен тұлғалардың жаңа тізімі анықталды. Үкімет басшысы оларды тиісті реестрге енгізіп, тексеру шарасын жеделдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
«Жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз»: Президент министрге ескерту жасады
Президент Алматыға сапары аясында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте құзырлы органдар мен азаматтардың табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шыққанын айтып, жауапты министрлікті сынға алды. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа теориялық білімін іс жүзінде көрсету керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісінен сабақ алып, жіберілген олқылықтарды түзету қажет - Президент
Мемлекет басшысы Алматы қаласына іссапары барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру деңгейінің төмендігін сынға алды, деп жазады Egemen.kz.