Қысқы спорт • 19 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады
Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты бәсекесінің бүгінгі жарыс күнінде Софья Самоделкина еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 18 Ақпан, 2026
Арнайы жасақ жауынгері: Қазақстан әскери құрылымының дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдедік
UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысы Қазақстан үшін толайым табыс, жарқын жеңістермен қорытындыланды. Арнайы жасақтар арасындағы «олимпиадаға» баланған дода биыл Дубайда өтті. Қажырлы қайрат, темірдей тәртіп, құралайды көзге атқан мергендік, жауынгерлік қабілет сыналатын сынға еліміз 5 құрама қосты. Төрткүл дүние көз тіккен халықаралық жарыстың 5 күнінде ел әскерилері қазақ сарбазына тән сайыпқырандықпен тосқауылдарды еркін еңсерді. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған дүбірлі додада KAZAKHSTAN С құрамасы абсалютті чемпион атанса, А тобы екінші орынға табан тіреді. «Томирис» қыздар құрамасы ерлермен иық тірестіре сайысқа түсіп, әлемнің үздік 20 құрамасы сапынан табылды, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 18 Ақпан, 2026
Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?
Рамазан – қасиетті ай. Сондықтан ораза ұстаудың өзіндік әдептерінің сақталуы маңызды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғалымдар бекіткен Рамазан оразасының әдептерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады
Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Осы сында ел атынан жарыс жолына шыққан Аяна Жолдас іріктеу кезеңінде сүрінді, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?
Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы спринт бәсекесі өтті. Ел құрамасы сапында Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сынға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?
Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші Ербол Қапарға күш қолданылып, сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сарбаздың Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталінде оңалту курсынан өтіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы пайда болды. Naqty Onim сервисі негізінде іске асырылған қызметте пайдаланушылар тауардың түпнұсқалығын тексере алады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дін • 18 Ақпан, 2026
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқарма бекіткен 2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, ертең қасиетті Ораза айы басталады. Ал бүгін ел мешіттерінде алғашқы тарауық намазы оқылады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Ақпан, 2026
Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Кеше Тараз қаласында мектеп оқушысын ұрламақ болған. Әлеуметтік желіде екі ер адамның аялдамада кішкентай қызды ұрлауға оқталған бейнежазба тарады, деп жазады Egemen.kz.