Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды
20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында алматылық «Қайрат» командасы Бельгияның «Брюгге» клубына қарсы матч өткізеді. Қонақ команда Астанаға ұшып келді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Жамбыл облысы полиция департаменті «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол ережесін 155 рет бұзған жүргізушіні қолға түсірді. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін жүйелі түрде бұзып келген, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 19 Қаңтар, 2026
Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында орналасқан біренеше мектепке террористік шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады. Қала полициясы жаппай тарап жатқан хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Алматыда қарақшылар күндіз әйелге шабуыл жасап, 30 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қала полициясы көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Себастьян Себальос пен Лукас Африко: «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты
«Қайрат» футбол клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос және бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Себастьян Себальоспен арадағы келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін, ал Лукас Африкомен 2026 жылдың соңына дейін жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 19 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың V отырысы: Қандай мәселелер талқыланады?
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлімдеп, маңызды жиында қандай мәселелер талқыланатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 16 Қаңтар, 2026
Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды
10 қаңтар күні денсаулығына байланысты бокстан Қазақстан ерлер құрамасы бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?
Биылғы жылыту маусымы басталғалы елімізде 1 889 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 12 пайызға аз болғанмен, қызыл жалыннан келетін қауіп сейілген жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешевтің айтуынша, 2024 жылы өрт 101 адамның өмірін қиса, 2025 жылдың 1 қазанында басталған биылғы жылыту маусымында 87 адам қызыл жалын салдарынан ажал құшқан, деп жазады Egemen.kz.