Фото: «KEGOC» АҚ
Оның айтуынша, электр стансаларындағы жөндеу жұмыстарын қаржыландыру биыл 9%-ға көбейген. Одан бөлек Ұлттық жоба аясында да қаржы қарастырылған. Кестеге сәйкес биыл 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазір жұмыстар 29 нысанда жүріп жатыр. Электр желілерінде 1,2 мың шақырым электр беру желісі, 54 қосалқы станса жөнделді. Жылу желілері бойынша реконсрукциялау және жөндеу жоспары 377 шақырымды құрайды. Жұмыстар гидравликалық және температуралық сынақтар аяқталғаннан кейін басталады. Жаңарту жұмыстарының қарқынын қолдау үшін Үкімет резервінен 7 өңірге 25,4 млрд теңге бөлінеді. Қазір Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу, Абай облыстарына қаражат берілді.
Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты
«Биыл Ұлттық жоба бойынша жалпы сомасы 626,8 млрд теңгеге 130 шақырым жылу желісін және 10 490 шақырым электр желісін жаңғырту көзделген. Негізгі міндет − желілердегі шығындар мен тозуды азайту, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау», деді Сұңғат Есімханов.
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Вице-министр Риддер қаласындағы ЖЭО-да № 5 және 6 қазандықтарға және жылу желілерінің 12 учаскесін, Талдықорғанда жаңа қазандықтың құрылысы мен Семей қаласында ЖЭО-1 мен қазандықтарын жөндеуге ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Жалпы еліміздегі энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.