Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026
Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ақерке Амалят Беларусьтегі халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сүйінші жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
Шымкентте көпқабатты үйдің алдынан жас қыздың мәйіті табылды
Кеше сағат 18:40-та Шымкенттегі Төлеметов көшесі бойындағы №69/39 үйдің маңынан 21-23 жас шамасындағы бойжеткеннің мәйіті табылды. Полицейлердің мәліметінше, ол пышақ жарақатынан көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Алматыдағы крематорий жақын күндері жұмысын бастайды
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі крематорий жақын күндері іске қосылатынын хабарлады. Себебі 9 қаңтар күні Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы Әділет министрлігінде тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Қаңтар, 2026
Былтыр елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 2025 жылы осы бағыттағы жұмыстар қарқын алып, 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Қаңтар, 2026
Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған
Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру жүйесін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Еліміздің 2025 жылғы ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша еліміздің ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Қаңтар, 2026
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Астана қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты түстен кейін оқитын бастауыш сынып оқушыларын қашықтан оқу форматына ауыстырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды
Өскемен – Самар тасжолының 63-ші шақырымында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Мән-жайды анықтау барысында көлік ішінде 60 жастағы әйелдің денсаулығы сыр бергені мәлім болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
СҚО-да үй өртенді: әкесі мен баласы көз жұмды, тағы бір бала іздестіріліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысы Майбалық ауылындағы жеке үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тағы бір адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Қаңтар, 2026
Астанаға қалың қар түсті: тазалау жұмыстарына 3 мың адам жұмылдырылды
Өткен түні Астанаға қалың қар түсіп, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, түнде қала аумағынан 18 мың текше метр қар қоқыс алаңдарына шығарылған, деп жазады Egemen.kz.