Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025
Ғалымдар «Ер Төстікті» ғұн дәуірінен келе жатқан ертегіге жатқызады. Себебі онда ежелгі түркі мифологиясына тән ұғымдар мол сақталған. Ал Шойынқұлақ, Мыстан кемпір, Кенжекей сынды кейіпкер есімдері – бабаларымыздың ертеден кен игеріп, темір илегенінің мысалы.
Мереке • 17 Қазан, 2025
Тілсіз жауды тізгіндеген жылқышы
Бүгінгі бейбіт күннің батырлары – құтқарушылар. Табиғаттың тосын апатында тосырқап қалмай, өзге үшін өзінің жанын бәйгеге тігеді. Мәселен, кейінгі 30 жылда 72 құтқарушы өз борышын атқару кезінде қаза тапқан. Тәуекелге тәубе дейміз. Ерлердің батырлығы арқасында талай азамат ортамызда аман-есен жүр. Осындай қиын да қасиетті істің иелерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ерлігі мен еңбегіне жоғары баға берді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 14 Қазан, 2025
Республика күні Әл-Фараби көзімен
Еліміздің тарихи шешімін айқындаған Егемендік декларациясы – мемлекеттігіміздің берік ұстыны. Бұл құжатта ел аумағының тұтастығы, шегенделген шекарасы, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған ұстанымдар айқындалған. Жарлықтың жарияланған күні қазір қайта жаңғыртылып, «Республика күні» ретінде аталып өтеді.
Мәдениет • 13 Қазан, 2025
Мәдениет – күрделі де ауқымды ұғым. Оны әртүрлі мағынада қолдануға болады. Біз мәдениеттің күнделікті өміріміздің айнымас бөлшегі екенін, ол біздің ойымыздан, іс-әрекетімізден, қарым-қатынасымыздан көрініс табатынын жақсы білеміз. Бірақ мәдениетті білу бір басқа да, мәдениетті болу мүлде басқа. Сол себепті үшбу мақаламызда келесі сауалдарға жауап іздесек дейміз: мәдениет адамға не үшін керек, зиялылық қандай жағдайда қалыптасады, мәдениет пен оспадарлық арасындағы еркіндік пен жауапкершілік қандай?
Экономика • 08 Қазан, 2025
Халық ақшасын қайда аударып жатыр
Ұлттық банк 2025 жылдың алғашқы жарты жылындағы төлем жүйесіне қатысты есеп жариялады. Есепте отандастарымыздың қалай және қайда ақша аударатыны, банк қызметтерін қаншалықты пайдаланатыны туралы мәлімет берілген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қазан, 2025
Еділ Жаңбыршин: «Кен орнын тапқан инвесторға оны игеру құқығы беріледі»
Елімізде геологиялық барлауға жаңа серпін беретін заң жобасы әзірленіп жатыр. Енді аз зерттелген аумақтарда пайдалы қазба тапқан инвесторға оны әрі қарай барлау және игеру құқығы заң жүзінде беріледі. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бұл қадам бизнестің тәуекелін азайтып, ел экономикасына миллиардтаған доллар инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Мәселенің мәніне тереңдеу үшін, халық қалаулысының Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Білім • 02 Қазан, 2025
Шәкірт жүрегіне жол тапқан мұғалім
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту ісінде елеулі үлес қосқан мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалармен марапаттады. Соның ішінде Жезқазған қаласындағы № 8 гимназия мұғалімі Күлзира Қыдырпатшаева да бар, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 01 Қазан, 2025
Мәншүк Мәметованың ата-анасының суреті жарияланды
Ғұмыры кербестінің кекіліндей қысқа болғанмен, ерлігімен еліне нұсқа бола білген қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова. Отанын оқтан қорғап небәрі 21 жасында опат болған қаршадай қыздың тағдыр тауаны тістескен тамыр сияқты шытырман һәм шырғалаң. Ұлттық баспасөз батыр Мәншүкті назарынан тыс қалдырған емес. Соның ішінде ел газеті «Egemen Qazaqstan» пулеметші қызға қатысты тың деректерді тұрақты жариялап тұрды. Басылым тігінділерін ақтарып отырып 1992 жылдың 6 маусымында шыққан нөмірге көзіміз түсті. Құнды мұра құмсағат уақыттың құрсауында құмығып қалмас үшін, жазылған жайдың жаңғырығы ретінде оқырман назарына қайта ұсындық.
Баға • 29 Қыркүйек, 2025
Қазаннан бастап не қымбаттайды
Қазан айында отандастарымызды біраз өзгеріс күтіп тұр. Бұл жолы қымбатшылық бірнеше салада байқалады. Жарық пен жылу бағасы өсіп, жанармай қымбаттап, несие алу қиындауы мүмкін. Тіпті шетелге, әсіресе Мысырға барудың өзі қосымша шығынды талап етеді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 28 Қыркүйек, 2025
Көлік өндірісі: жаңа жобалар және тұтынушы таңдауы
Елімізде көлік жасау өнеркәсібі соңғы жылдары қарқынды дамып, экономиканың маңызды драйверіне айналды. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвестициялардың нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, автомобиль құрастыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Сала министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, биыл жаңа өнім шығару және зауыттарды жаңғырту бойынша 20-дан астам жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылған. Соған орай көлік жасау ісінің жетекші зауыттардың бірі Hyundai Trans Kazakhstan өндірісінің жемісі мен жетістігін, жоба мен жоспарын сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz,