
Жәдігер • 03 Қыркүйек, 2024
Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіштегі далалық зерттеу жұмысын аяқтады. Нәтижесінде, қаңлы мәдениетіне қатысты біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды. Ғалымдардың пікірінше, бұл жерде ғибадатхана мен екі қорған орналасқан.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2024
Ақын – ұлт жанарынан адамзат қайғысын аңдай алатын азамат. Ондай тұлғаның жыры – ғибрат, сыры – ғибадат, мұңы мүбәрак болады. Төлтума болмысына тереңдеген сайын, ақынның да төрі биіктей береді. Қандай бағытта қалам тербесе де, ондай ақынның жырларында халықтың мұң-мүддесі жаңғырып тұрады. Қисапсыз қайшылықтардың көркемдік көзәйнегіндегі көрінісі халық жадында тамаша жатталады. Себебі эстетиканың негізгі категориясы – өнердің халықтығы. Қазақ әдебиетінде осындай ұстанымдағы қаламгерлер қатары аз емес. «Қазақтың дәл өзіндей қарапайым» жырларымен күрделі шындықтардың күретамырын дөп басатын Ғалым Жайлыбайдың шығармашылығы жоғарыдағы ойымызды қуаттап, сәуле түсіріп тұр. Иә, бұған дейін де ақын шығармашылығына танымдық барлау аз жасалған жоқ. Әйтсе де Ғ.Жайлыбай поэзиясына, әсіресе кейінгі жылдары жазылған сүйекті поэмаларына бүгінгі күннің биігінен қарап, зерделі зерттеулер жасау, сол арқылы адам мен заман келбетін анықтау – әдебиеттанудағы әлі де өзекті тақырыптардың бірі болып тұр.
Руханият • 29 Тамыз, 2024
Абайтанудағы зерттейтін тақырып жеткілікті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай орталықтары және абайтанудың қазіргі өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиында әр қалада орналасқан Абай орталықтары атқарып жатқан жұмыстарына есеп беріліп, хакім мұрасын зерттеп-зерделеудегі түйткілді түйіндер талқыланды. Іс-шара «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының ыждағатымен ұйымдастырылды.
Өнер • 28 Тамыз, 2024
Елордадағы «Астана Опера» театрының солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Италияның Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы театрда «Реймске саяхат» спектаклінде Граф Либенсковтың басты партиясында дебют жасады.
Мәдениет • 26 Тамыз, 2024
ХVIII ғасырдың ортасында Аустрияның шағын ғана қалашығында ең ұлы музыкант дүниеге келді. Баланың дарыны ерте жастан байқалды. Оның небәрі бес жаста жазған симфониясы күллі Еуропаға қол соқтырды.
Таным • 23 Тамыз, 2024
Сіз білесіз бе? Сақ патшайымы – Зарина
Грек тарихшысы Ктесий: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді», деп жазба қалдырған. Сондай жауынгер әйелдердің бірі – Зарина. Ол – сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшысының әйелі, Роксанаки қаласының билеушісі. Бұл қала Сырдария жағалауында, кейіннен Сығанақ қаласының іргесі қаланған аймақта орналасқан.
Марапат • 23 Тамыз, 2024
Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 халықаралық өнер байқауында бірден жеті жүлдеге ие болды.
Таным • 23 Тамыз, 2024
Ғалам ғажаптары: Тасбақаға ғашық көбелек
Тасбақа да жылайды. Амазонканың тропикалық ормандарында өте қызық құбылыс кездеседі: көбелектер тасбақалардың көзінің жасын ішеді. Осылайша, қанатты жәндіктер ағзаларын қажетті минералдарға толтырады. Тасбақалар мен көбелектердің бұл байланысын Тамбопата ұлттық саябағындағы зерттеу орталығының қызметкері Фил Торрес түсіндіреді.
Таным • 23 Тамыз, 2024
Адам ақыл ойы мен төлтума болмысының қат-қабат қыртысы сөзсіз пәлсапалық, індете қазсақ, этикалық және моральдық категорияларымен таным таразысына тартылады. Америкалық жазушы Дэниел Киздің 1966 жылы жарық көрген «Алжернонға арналған гүл» («Flowers for Algernon») романында наубайханада тазалықшы болып жұмыс істейтін отыз екі жастағы ақыл-есі кем Чарли Гордонның оқиғасы баяндалады. Ол интеллектуалдық деңгейін көтеру тәжірибесіне өз еркімен қатысады. Ондағы мақсаты – өзінің мақтауға лайық бола алатынынотбасы мен айналасындағы адамдарға дәлелдеу.
Таным • 21 Тамыз, 2024
Бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Оны 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен болатын.