Қоғам • 15 Қараша, 2024
Ақжан әл-Машани мұражайы ашылды
Астанада фарабитанушы ғалым Ақжан әл-Машаниге арналған «Рухани мұра және қазіргі ғылым» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны қалалық Білім басқармасының қолдауымен Әдістемелік орталық, Ақжан әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Білім • 06 Қараша, 2024
Екінші тоқсаннан бастап елордадағы бірқатар мектепте жаңа жоба қолға алынды. Оқушылар сабақ басталмас бұрын арнайы жәшіктерге ұялы телефонын қалдыруы қажет. Осылайша, білім алушылардың назары әлеуметтік желіде емес, оқуда болып, білім сапасы арта түседі.
Білім • 02 Қараша, 2024
Мұғалім миссиясы – зерделі ұрпақ тәрбиелеу
Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден аса мектеп мұғалімі, колледждер мен жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы «Amanat» партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасында бас қосты. Олар орта және кәсіптік білім саласының өзекті мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.
Мектеп • 17 Қазан, 2024
Оқушылардың дұрыс һәм сапалы тамақтануы олардың денсаулығы мен біліміне тікелей әсер етеді. Бірақ осы күні мектеп асханаларына қатысты мәселелер оқу жүйесінің бітеу жарасына айналғандай. Астан уланған қаншама бала ауруханаға түсіп жатады, енді бірде тағамдардың сапасына көңілі толмай, кейістік білдіретіндер де бой көрсетеді. Осы мәселенің мән-жайын білмекке Астанадағы №84 мектепке арнайы барып, асхана жұмысымен танысып қайтқан едік.
Университет • 11 Қазан, 2024
Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орны
Беделді Times Higher Education (THE) әлемдік рейтингі үздік жоғары оқу орындар тізімін жариялады, оған төрт отандық университет кіріп отыр. Әлемде 30 мыңнан аса оқу орны бар, рейтингте дәл қайсысы көш бастап тұрғанына шолу жасап көрдік.
Сұхбат • 08 Қазан, 2024
Тимур Бектұр, ІТ сарапшысы: Жаңалықты жатырқамау керек
Жасанды интеллектінің қарқыны күннен-күнге күшейіп келеді. Мүмкіндігі молайып, барлық салада басымдық алғанына куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі» деп атап көрсетті. Осы орайда белгілі IT сарапшы Тимур Бектұрмен аталған технологияның игілігі мен қиындығын сараптап, аз-кем әңгіме өрбіттік.
Білім • 10 Қыркүйек, 2024
Оқыту платформалары ой-өрісті кеңейтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында білім саласындағы цифрландыру жұмыстарына айрықша назар аударды. Президент: «Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі» деп атап көрсетті.
Білім • 27 Тамыз, 2024
Бақыт Алтынбасов: Оқу орны мен өнеркәсіп байланысының тиімділігі жоғары
Еліміздегі бірқатар ұлттық және мемлекеттік университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанына ауысқаны белгілі. Осы тұста университеттің басқару моделін халықаралық тәжірибе негізінде қалыптастырудың тиімділігі байқалады. Студенттердің сапалы біліміне бірден-бір әсер ететін жоғары оқу орындарының қаржылық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сарапшылар университеттің басқару органдарына өнеркәсіп компаниялары мен бизнес өкілдерін тарту моделін енгізуді ұсынады. Аталған мәселені дүние жүзіндегі озық жоғары оқу орындары қалай шешіп отыр? Университет пен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықтың жүзеге асырылу тәртібі қандай? Бұл туралы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Бристоль университеті докторантурасының түлегі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бақыт Алтынбасовтан сұрап білдік.
Білім • 16 Тамыз, 2024
Грантқа ілікпеген түлектердің әлі де мүмкіндігі бар. Мәселен, мемлекет тарапынан 3 000-ға жуық грант қайта бөлінеді. Бұған бірнеше оқу орны және жергілікті атқарушы органдар тағайындаған грантты қосыңыз. Барлығы 8000-нан астам қосымша грант қарастырылған. Бұл – талапкерлерге беріліп отырған зор мүмкіндік.
Білім • 06 Тамыз, 2024
2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты иелерінің тізімі жарияланды. Биыл гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 104 мыңнан аса талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Айта кетерлігі, грант жеңіп ала алмаған түлектердің әлі де мүмкіндігі бар. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қосымша грант алудың тоғыз жолын ұсынды.