Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
210 материал табылды

Спорт • 03 Шілде, 2024

Білек пен білім бәсекесі

Спорттың әйгілісі шахмат пен бокс­ты кім білмейді? Бірақ шах­бокс­ті естігендер некен-саяқ.

Әлем • 02 Шілде, 2024

Ғалам ғажаптары

Күйсандық үй Бұл – Қытайдың Аньхой про­винциясындағы Хуайнань қаласында орналасқан әлемдегі ең танымал әрі ең ерекше ғимараттардың бірі. Таңданарлығы, күйсандық үйдің жобасын Хефейс техникалық университетінің студенттері жасаған.

Технология • 02 Шілде, 2024

«Google Translate»: Тағы да бес түрік тілі қосылды

Қазір әлеуметтік желіде өзге тілдегі сөзді немесе мәтінді лезде аударып беретін құрылғылар жетерлік. Солардың ең танымалы – «Google Translate». Өткен аптаның соңында «Google» компаниясы аталған бағдарламаның жаңарып, толыққанын жариялады.

Білім • 28 Маусым, 2024

Шетелден шақырту алды

Биылғы түлектердің бірі Ислам Әбдірахманов БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Ма­лайзия, Швейцария мемле­кет­терінің универси­те­тінен шақырту алды.

Таным • 28 Маусым, 2024

Алаш басылымдары: «Қазақ» газеті

Қоғамдық-саяси бағыттағы «Қа­зақ» газетінің басты миссиясы бодандық бұғауындағы қазақ халқының санасын оятып, ұлттық бірлікке шақыру, білім мен ғылымға үндеу болды.

Қоғам • 28 Маусым, 2024

Цифрлық журналистиканың салмағы

Заманауи технологияның қарқынды дамуы бұқаралық ақпарат құралдарына да біршама өзгеріс әкелді. Еліміздің жоғары оқу орындарында ашылып жатқан цифрлық журналистика, медиа технология, цифрлық медиа сынды мамандықтарға түсетін студенттердің де қатары жыл сайын артып келеді.

Жастар • 24 Маусым, 2024

Қабілет жас таңдамайды

Адамның қабілеті мен мүм­кіндігі ғаламат. Тек өз бо­йындағы сол бөлекше қасиет­ті түрлі жаттығулар ар­қылы ұдайы жетілдіре білу керек. Сонда ғана адам айтса нанғысыз нәтижеге қол жеткізе алады. Мәселен, тоғыз жасында ағылшын тілінен ересектерге сабақ беріп, он төрт жасында екі бірдей оқу орталығын ашып, халықаралық IELTS емтиханынан 8,5 балл алған мектеп оқушысы Сая Қыдырәлі – сөзіміздің жарқын дәлелі.

Таным • 21 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Эверест деген түк емес

Ерекше қабілеті мен ерік-жігерінің арқасында талай адам сенгісіз ерліктерді дүниеге әкелді. Осындай жү­рек жұтқандар санатында аль­пи­нистер де бар. Мұзартқа өр­мелеген мұзба­лақтардың қыл­пыл­даған қылыш жүзіндегі өмірлері ға­жайыпқа толы.

Digital • 21 Маусым, 2024

Керек дерек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana» мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асырып жатыр. Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез әрі жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды. Осылайша, заманауи құрал жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жүгенін тартып, азаматтардың өз құқын қорғау және әділ қоғам құру қағидаттарына ықпал етуді көздейді.

Білім • 21 Маусым, 2024

Бұл лагерь бұрынғыдан өзгерек

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Заманауи технология өмірімізге дендеп еніп жатқан уақытта жас буынды спортқа баулып, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсірудің маңызы зор. Ұлттық рухтан қайнап шыққан таза бұлақтың қашанда берері мол, беделі биік болады. Осы мақсатта биыл елімізде этнолагерьлер көптеп ашылып жатыр. Бұл демалыс орнының ерекшелігі – мұнда оқушылар әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді тереңірек меңгеріп, ұмытылып бара жатқан қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап үйренеді. Міне, ұлттық құндылықты жас ұрпаққа насихаттаудың соны жолы. Осылайша, жақсыны көрмекке деп Астана қаласындағы №79 мектеп-лицейіне, №32 мектеп-гимназиясына арнайы ат басын бұрдық.