Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
210 материал табылды

Таным • 07 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: «Робот» сөзі қайдан шықты?

Осы күні өз бетінше ойланатын роботтар көбейіп, барлық салада басымдық алғанына куә болып отырмыз. Ал сол «робот» сөзінің түп-төркіні қайдан шыққанын білесіз бе?

Қоғам • 06 Маусым, 2024

Керек дерек

«Дәніккеннен құныққан жаман». Құмар ойынға құныққандар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреміз деп күн санап құрдымға кетіп жатыр. Букмекерлік кеңселердің әуелде ас татырып арбағанымен, кейіннен аш қатырып сан соқтыратыны әмбеге аян. «Мыңды жеңген – батыр емес, өз-өзін жеңген – батыр» демекші, бәс тігуден бас тартқандар енді «eGov mobile» қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысуын шектей алады.

Дәстүр • 05 Маусым, 2024

Құндылықты дәріптейтін лагерь

Заманауи технология өмірімізге дендеп еніп жатқан уақытта жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсірудің маңызы зор. Ұлттық рухтан қайнап шыққан таза бұлақтың қашанда берері мол, беделі биік болады. Осы мақсатта Астана қаласы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимна­зия­да ЭтноАРТ «Мирас» лагері ашылды. Бұл демалыс орнының ерекшелігі – мұнда оқушылар әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді тереңірек меңгеріп, ұмытылып бара жатқан қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап үйренеді.

Өнер • 04 Маусым, 2024

Әминнің әлемі

Ермексаздан ерекше кейіпкерлер жасап, оларға мон­таждың құдіретімен жан бітіретін өнерді «Stop Motion» дейді. Атауы сіз бен бізге таңсық өнер қажырлы еңбекті қажет етеді. Мәселен, бір секундтық қозғалыс үшін жиырма төрт кадр жасалады. Бірақ «Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» деген. Оған дәлел – 9-сынып оқушысы Әмин Ораз.

Балалар • 01 Маусым, 2024

Бақытты болсын бар бала

Мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам болса, зүбәржат тасы – бала. Оның қауіпсіз өмірі мен бостан болашағы бәріміздің мойнымызда. Жас ұрпақтың жанарындағы жалынды жаға білу – басты парызымыз. Ол үшін баланың көңіл күмбезіне баса-көктеп кірмей, таным табалдырығын әдеппен аттау керек. Осы тұрғыда ересектер мен балалар арасындағы түсіністік маңызды орын алады. Орайлы тұста мына бір оқиғаның ойымызға оралып отырғаны.

Әдебиет • 30 Мамыр, 2024

Бекжанның бекзат болмысы

1998 жылы Алматы қаласында «Сегіз серінің супер додасы» атты дүбірлі айтыс өтті. Сол кезде Жүрсін Ерманның: «Бекжанның дүйсенбіде айтқан сөзін сәрсенбіде түсінесің», дегені бар. Расымен, Әшірбаев әлеміне әркім бойлай алмайды. Оны ерекшелендіріп тұратын да осы – тереңдік пен қиыннан қиыстырар тапқырлық. Сол себепті ел ішінде «Бекжан айтты» деген сөз көп. Бірі айтыстағы өткір шумағынан мысал келтірсе, енді бірі оның поэзиясындағы пәлсапалық ойларды жатқа айтады. Бүгін біз де интеллектуал ақынның шығармашылығын шамамыз жеткенше шолып көрмекпіз.

Digital • 30 Мамыр, 2024

Керек дерек

Мәтін жазудың қыр-сырына мейлінше жетілдірілген, жарамсыз, нашар деген шығар­маның өзін бар қатесінен арылтып, мінсіз қалыпқа түсіре алатын ChatGPT сынды бағдарламалар күннен-күнге қарқын алып, дамылсыз дамып келеді. Соның бір мысалы, OpenAI компаниясы жақында GPT-4o деп аталатын жасанды интеллектінің жаңа моделін жұртшылыққа таныстырды.

Таным • 29 Мамыр, 2024

Құстар, құстар... Киви

Кейбір құстың атауын білсек те, олардың айрықша жаратылысына қанық емеспіз. Мәселен, құс атау­лының арасында киви ғана өзінің денесінен үлкен жұмыртқа жұмыртқалайды. Оның ерекшелігі тек бұл емес.

Білім • 28 Мамыр, 2024

«Алтын белгі» иегерлеріне айрықша мүмкіндік

Shakarim University дарынды мектеп түлектеріне бағыттал­ған бағдарламалар құруда сапалы бастамалар жасап келеді. Мәселен, Абай облысындағы 222 «Алтын белгі» иегерлерінің барлығы 2024-2025 жаңа оқу жылында аталған университетте тегін білім ала алады.

Білім • 28 Мамыр, 2024

Ғылыми ынтымақтастық

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ветеринарлық және мал шаруашылығы факультетінің базасында университет басшылығы мен Қытай Халық Республикасы делегациясының іскерлік кездесуі өтті.