Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
402 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 01 Қараша, 2025

Үй шаруасына көмектесетін робот

АҚШ-тағы ІX «Technologies» компаниясы үй шаруасына арналған «NEO» атты ақылды роботты сатылымға шығарды.

Ғалам ғажаптары • 31 Қазан, 2025

Жылтырақ эффектісі

Халықаралық деңгейде 32 мың адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижесі адамдардың жылтыр тауарларға 72% қымбат төлеуге дайын екенін көрсетті.

Ғалам ғажаптары • 31 Қазан, 2025

Жұтылған жалақы

Talker Research жүргізген сауал­намаға қатысқан 2 мың аме­рикалықтың айтуынша, жала­қының 48%-ы алғашқы 48 сағатта жұмсалып кетеді.

Ғалам ғажаптары • 31 Қазан, 2025

Білімсіз блогерге тыйым

Жақында Қытайда арнайы білімі жоқ блогерлерге қаржы, медицина, заң және білім салаларына қатысты контент жасауға ­тыйым салынды.

Байқау • 30 Қазан, 2025

Заң мен тіл тоғысқан алаң

Заң тілі оны оқитын, пайдаланатын әр аза­матқа түсінікті, он­дағы құқықтық норма тайға таңба басқандай анық та айқын болуға тиіс. Бірақ алдымен ресми тілде әзірленіп, кейін қазақшаға аударылатын кейбір заң мәтіндерінің көңіл көншітпейтіні белгілі. Осы ол­қылықтың орнын тол­­тыруды көздеген «Заңғар заңгер» атты респуб­­ликалық байқау биыл да жоғары деңгейде өтті.

Ғалам ғажаптары • 29 Қазан, 2025

«Amazon»-дағы автоматтандыру

«Аmazon» компаниясы 600 000-ға жуық жұмыс орнын роботтармен толтыруды жоспарлап отыр.

Ғалам ғажаптары • 29 Қазан, 2025

Тегін өзгерткен технолог

Жұмыр жер бетінде небір қызық есімдер кездеседі. Канададағы Apple Store дүкенінде жұмыс істеген Сэм Сунг есімді азаматтың визиткасында «Sam Sung – Apple» деген жазу тұрған. Бұл сәйкестік желіде тез таралып, жұрт оны «Эплдің Самсунгі» деп атап кеткен.

Ғалам ғажаптары • 29 Қазан, 2025

Әлем қандай әдемі

Ғалымдар зағип жандардың көзіне имплант орнатып, олардың қай­тадан оқи алуына мүмкіндік берді. Лондондағы Мурфилдс аурухана­сының хирургі бұл операцияны бес адамға жасап, медицина әлемін дүр сілкіндірді.

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітап – ақыл мен білімнің қайнар көзі. Астанада Республика күні қарсаңында жаңа кітапхана ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері қатысты. Кітапхана Астана қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарайды.

Білім • 23 Қазан, 2025

Мектеп асханасындағы өзгеріс

Балалардың дұрыс һәм сапалы тамақтануы олардың денсаулығы мен біліміне тікелей әсер етеді. Сол себепті оқу жылының басынан бастап білім ұйымдарында оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сай қант мөлшері 3,6 есеге, ал тұз мөлшері 5 есеге азайтылды. Сонымен қатар оқушылар рационында көкөніс, жеміс және сүт өнімдерінің үлесі артқан. Ас мәзірінен шұжық өнімдері, қақталған тағамдар, спредтер, тұз бен қант мөлшері жоғары өзге де өнімдер толықтай алынып тасталмақ. Газдалған тәтті сусынның орнына балаларға енді сүт өнімдері, сондай-ақ қант мөлшері төмен жеміс шайлары мен компот ұсынылады.