Қоғам • Бүгін, 08:10

Гүл сыйлау әдебі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қызды гүлге теңеп жазған ең бірінші ақын – нағыз ақын», депті түркі халықтарының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында, гүл мен ару – егіз ұғым. Раушан, Қызғалдақ, Нарғыз, Қалампыр, Райхан секілді есімдер нәзік жандыларға ғана жарасқан соң қойылады. Гүл сөзі біріккен ару аттары қаншама? Әрбір әйел затының өзіне тән талғам-мінезі болатыны секілді, әрбір гүлдің де өзіндік мән-мағынасы, сыйлау әдебі бар. Әрбір нәрсе әдебімен әдемі ғой қашанда.

Гүл сыйлау әдебі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мерекеде гүл сыйлау – жай ғана сыйлық емес, жылы сөздің көркем баламасы. Гүлдің ең әдемісін ғана емес, сыйлық иесіне лайығын таңдаған жөн. Жіктеп айтсақ, жақын жанға сыйлайтын гүлдің түріне, түсіне, санына мән беру керек. Флористикада сан арқылы сезімді білдіретін бейресми «код» бар. Мәселен, елімізде, көрші өңірлерде қалыптасқан әдеп бойынша мерекеде – тақ сан, қаралы жағдайда жұп сан беру қалыпты саналады.

Сол секілді гүлдің түсін таңдауда да өзіндік мән-мағына бар. Мысалы, қызыл реңк – махаббат пен ықыласты, қызғылт түс – нәзік ілтипат пен ризашылық рәуішін білдіреді. Ал ақ түс – тазалық, адал ниет, сыйластық белгісі болғанымен, кей отбасылар оны салтанатты, кейбірі оны тым ресми деп қабылдауы мүмкін. Сары реңк көбіне достық пен қуанышқа, күлгін түс қадір-құрметке баланады.

 Ал енді осы бір нәзік те сұлу жаратылыстың түрлеріне тоқталсақ, «гүл тілінде» ең танымал ишара алдымен раушаннан басталады. Қызыл раушан – ғашықтық сезімінің белгісі, ақ раушан – адалдық пен сыйластықтың нышаны. Флористердің пайымынша, қалампыр  – ерекше құрмет білдірудің бір тәсілі, ал ­георгина иесіне табыс тілеген ниетті жеткізеді. Мимоза көбіне «көңілім сенде, сағыны­шым бар» дегенді аңғартса, алғашқы махаб­бат­қа мамыргүл (сирень) сыйлау нәзік сезімді әдеппен білдірудің белгісі ретінде айтылады. Лалагүл – ынтызар ықыластың елшісі, ал шегіргүл (фиалка) қызыл раушанмен бірге ұсынылса, «саған тәнтімін» дегенді сөзсіз-ақ ұқтырады. Ал көктемнің жаршысы қызғалдақ жасқа қарамай – ең жақын, ең сүйікті жандарға арналған гүл. Анаңызды, жарыңызды, жақын-жуығыңызды, қызыңызды қуантқыңыз келсе, осы мағына­ларды біле жүрген абзал. 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30