
Ғылым • 15 Сәуір, 2025
Атом энергиясы – технологиялық серпіліс кепілі
Атом қуатын өндіру – тұрақты энергия көзі ғана емес, экономика мен ғылымның жаңа бағыттарын дамытудың негізгі кілті. Сондықтан да Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы бір емес, үш атом электр стансасын салу жөнінде бірқатар тапсырма беріп, 18 наурызда Атом энергиясы агенттігі құрылды. Ғылым күні қарсаңында да Президент стратегиялық міндеттердің бірі ядролық ғылым мен технологияны дамыту екенін екшеп айтты. «Бұл салада Қазақстанның әлеуеті зор. Алматыдағы Ядролық физика институты мен Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық сияқты алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелер іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, мамандар даярлап келеді. Осы бағытта зор табысқа жету үшін зерттеу инфрақұрылымын нығайту, ғылыми жұмысты күшейту, инженерлік білімді жаңғырту қажет. Президент жанындағы Ғылым және техника жөніндегі ұлттық кеңестің алдағы отырысында атом энергетикасын дамыту күн тәртібіндегі басты мәселе болуға тиіс», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы бастама сәтті жүзеге асуы үшін ғылыми қауымдастықтың не үшін және қай бағытта күш біріктіруі қажет екенін ғалымдар егжей-тегжей баяндап берді.
Ғалам ғажаптары • 12 Сәуір, 2025
1969 жылы Айға алғаш қонған адам ретінде тарихта аты қалған америкалық ғарышкер Нил Армстронгтің ғарыш сапарынан кейін де білімге деген құштарлығы бәсеңсімеген.
Сұхбат • 12 Сәуір, 2025
«Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығына орай Президенттік орталықта елордалық студенттердің ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры, «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнының басқарма төрағасы Айдын Айымбетовпен кездесуі өтті. Жиынға Ресей Федерациясының «Роскосмос» мемлекеттік ғарыш қызметі корпорациясының өкілі Геннадий Саенко да қатысты.
Қоғам • 12 Сәуір, 2025
Төртінші ғарышкердің бағы қашан жанады?
Жақында Астана уақыты бойынша сағат 10:47-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-алаңынан «Союз МС-27» басқарылатын көлік ғарыш кемесі бар «Союз 2.1» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл сапар Жеңіс мерекесінің 80 жылдығына арналды.
Ғалам ғажаптары • 12 Сәуір, 2025
Қазақтың қос ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің ұқсастықтары өте көп.
Digital • 11 Сәуір, 2025
«Yandex Qazaqstan» мен «Kundelik» компаниялары оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге арналған алғашқы білім беру браузерін іске қосты. Жаңа браузер нейрожелілердің көмегімен оқушыларға тек ақпарат іздеп қана қоймай, оқуды жеңіл әрі қызықты етуге көмектеседі.
Ғалам ғажаптары • 11 Сәуір, 2025
Британдық 36 жастағы Грейс Дэвидсон – жатыр трансплантациясынан кейін бала туған алғашқы әйел.
Ғалам ғажаптары • 11 Сәуір, 2025
Әбу Дабиде жалпы құны 100 миллион долларды құрайтын асыл тастардың бірегей көрмесі өтті. Іс-шараны әлемге әйгілі «Sotheby’s» аукцион үйі ұйымдастырды.
Ғалам ғажаптары • 11 Сәуір, 2025
Италиялық «Il Foglio» газеті толығымен жасанды интеллект әзірлеген алғашқы нөмірін жариялады.