• 15 Маусым, 2018
Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасырлық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасырлардан жеткен Қорқыттың қобызы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіздердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абылай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүлдүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйтерегінің тамырлы шежіресі.
• 23 Қаңтар, 2017
Музыкамыздағы ата-бабадан жеткен қоңыр үндестік жайлы не айта алады екенбіз?! Бұл жерде, қоңыр үндестік дегенде, қазақтың төл музыкалық аспаптарының оркестрлердегі және ұлттық ансамбльдердегі естілу шегі мен мүмкіндігін айтып отырмын.