Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
659 материал табылды

Зерде • 17 Қазан, 2023

Колыма тамұғынан өткен

Он алты шумақ өлеңі үшін он сегіз жылын түрмеде өткерген ақын, актер Шахан Мусиннің өмір өткелі ауыр, шығармашылық жолы тауқыметті өрілді. Өнер шежіресіне, сахна әлеміне бұралаң-бұлтарысы жетерлік, қатерлі де сұсты сүрлеумен енген әйгілі жерлесіміздің туғанына биыл 110 жыл толып отыр.

Аймақтар • 17 Қазан, 2023

Оңтайланған полиция бекеттері

Керекуде жергілікті полиция пункттерін оңтайландыру жүріп жатыр. Павлодар қаласында бұрын олардың саны 23 болса, қазіргі күні небәрі 16 полиция пункті жұмыс істеп тұр.

Сайлау • 16 Қазан, 2023

Жұрт қандай әкімді күтеді?

Алдағы қараша айында Павлодар облысының Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары әкімдерінің сайлауы өтеді. Қоғам өкілдерінің пікірінше, бұл пилоттық жоба – жергілікті басқару халықтың қолына беріле бастағанының айғағы. Қазірде аталған үш өңірге жетекшілік етуге 19 азамат үміт етіп отыр.

Өнер • 15 Қазан, 2023

Айтыс өнерінің Серігі

Зайсанда туып, Баян­ауылда түлеген, Ақ­көл Жайылмадан ай­тыс аламанына ат қосып, қазақ айты­сының «Солақай се­рісі», «Керекудің Иса­сы» атанған айтыс­кер ақын Серік Құ­санбаев 60 жасқа толды. Өнер иесінің құр­метіне Павлодарда «Ақиқаттың ақбозын ал­шаңдатқан» атты шығармашылық кеш өтті.

Қоғам • 12 Қазан, 2023

Қоныс аударушыларға оң көзқарас керек

Еліміздің солтүстік өңірлері үшін оңтүстіктен теріскейге жалғасқан көштің үзілмеуі аса маңызды. Кейінгі жылдар дерегінде Керекуге мыңдаған отбасы қоныс аударып, тұрақ тапты десек те кейбір азаматтар өздеріне тиесілі көмекке уақтылы қол жеткізе алмай немесе жұмысқа тұруда қиындыққа кезігіп жүргендері байқалады.

Баға • 11 Қазан, 2023

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ: Кеніштер өз мүддесін ойлайды

Көмір кеніштерінің қожайындары бұрынғы әндеріне қайта басып, көмір бағасын биыл да көтеріп жіберді. Қазіргі күні облыста отынның ең арзаны – 10 мың (тоннасына), қымбаты 25 мың теңгеге дейін жетіп тұр.

Әдебиет • 10 Қазан, 2023

Алты қаламгерге бұйырған арнайы сыйлық

«Әкімі ақынын іздеген ел бақытты» деген тәмсілдің Кереку өңіріндегі рухани саладан байқалып отырғаны ел-жұртты қуантты. Жуықта Қазақстан Жазушылар одағы мен Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен жобасы аясында еліміздегі 6 бірдей танымал қаламгер қаржылай сыйақыға ие болды.

Аймақтар • 09 Қазан, 2023

Абайсызда ажал құшты

Успен ауданының Галицкое ауылында ағалы-інілі екі бала абайсызда суға батып кетіп, мерт болды. Жеткіншектердің мүрдесі егіс алқаптарын суаруға арналған жасанды су қоймасынан табылған.

Шаруашылық • 09 Қазан, 2023

Павлодар облысы: Жұтаңдаған шабындық

Керекуде шөп бағасы әр өңірде әртүрлі бағамен босатылып жатыр. Қырдағы ауылдарда биыл шабындықтың жұтаң болуынан мал азығын сырттан тасуға көшті. Орташа есеппен салмағы 300 килограмдық бір ораманың құны 7-15 мың теңге тұрады.

Қазақстан • 08 Қазан, 2023

Тіл меңгеру: бастама мен шеберлік

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудың әдістемесін бүгінде әр маман өзінше түзіп, жүргізеді. Тілді қызықты етіп әрі жеңіл меңгертудің жолы қандай? Бұл сауалдың жауабы әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр.