Қоғам • 19 Шілде, 2023
Орман-тоғайды жалмаған көбелектер
Керекудің ормандары биыл тағы жұпсыз жібек көбелегінен зиян шегіп жатыр. Бір жыл ішінде жорғалағыш жәндіктердің таралуы 3 мың гектарға ұлғайып, 32 мың гектарға таяу орман жамылғысы ошақ аумағында қалды. Өкінішке қарай, зиянкестерді құртуға бөлінген қазына қаражаты бұл аумақтың тек жартысын ғана өңдеуге жеткілікті. Мамандар жібек құртын жоюға кемі үш-төрт жыл уақыт жұмсалатынын айтып отыр.
Оқиға • 19 Шілде, 2023
Әлкей Марғұлан ауылының халқы кімнен көмек сұрарын білмей дал. Тосыннан келген дала өртінен жеке азаматтарға тиесілі 73 бас ұсақ мал тірідей жанып кеткен. Тағы жүзден астам қой-ешкіні күйік шалып, шала-жансар жатқан жануарлар күн сайын бестен-оннан өліп жатыр дейді ауыл адамдары. Мәселеге облыс басшылығы араласып жатқанымен, малға күні қараған жұртшылық айтылған сөз, берілген уәдеге сенімсіздік танытып отыр.
Оқиға • 17 Шілде, 2023
Апта бойы беті қайтпаған аптап ыстық Керекудің ормандары мен далалы жерлерінде алапат өрттің шығуына себепкер болды. Ең ірі өрт ошақтары «Ертіс орманы» мемлекеттік резерватында және Баянауылдың Қызылтау аумағында тіркеліп, тілсіз жау жалпы аумағы 1 800 гектарға жуық жерді жайпап өткен
Жануарлар • 17 Шілде, 2023
Железин ауданындағы «Асан» шаруа қожалығы айдың-күннің аманында 37 бас қара малынан айырылып қалды. Былтыр несиеге сатып алған асыл тұқымды қымбат түлік айналасы бір сағаттың ішінде бірінен соң бірі сұлап, арам қатқан. Шаруа иесі де, ветеринарлар да сиырлардың неден өлгенін біле алмай отыр.
Аймақтар • 13 Шілде, 2023
Павлодар облысында ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін маңызды жобалар қолға алынып жатыр. Алдағы үш жылда ауылдарға кіреберіс жолдардың барлығы толықтай жөнделіп, биыл елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы 98 пайызға дейін жетеді деп күтіліп отыр. Бұған қоса бірнеше мекенде жаңа мектептер бой көтереді.
Баға • 13 Шілде, 2023
Жаңа тариф: көрпеге қарай көсілу
Керекуде тамыз айынан бастап электр энергиясы, жылумен, сумен қамту және кәріз жүйесінің тарифтері біртіндеп қымбаттайтыны белгілі болды. Монополияға қарсы мекемелердің өкілдері коммуналдық төлемдердің жаңа бағасы халықтың қалтасына салмақ түсірмейтіндей белгіленеді деп отыр. Дейтұрғанмен бір ғана жарық тарифі шамамен 27 пайызға өсетіні тұтынушылардың көңіліне жақпай тұрғаны рас.
Аймақтар • 10 Шілде, 2023
Әулиелі Қызылтаудағы көне заманнан қалған ескерткіштердің бірі – «Жұмбақ қыз тасы». Көргендердің айтуынша, түс ауа күн сәулесі тіке түскенде бір мезет әлгі тастан қыз бейнесі жарқырап шыға келеді екен.
Аймақтар • 10 Шілде, 2023
Павлодар мұнай-химия зауыты маусым айының соңғы онкүндігінен бері толық тоқтап, жөндеуге жабылды. «Бұл жағдай отандық жанар-жағармай нарығында жылдағыдай тапшылық туындата ма?» деген күдікке жетелегені рас. «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылығы қолдағы мұнай өнімдері тұтынушыларды қамтамасыз етуге толық жеткілікті деп отыр.
Аймақтар • 09 Шілде, 2023
Керекудегі тарихи ғимараттар мен ескерткіштерге жапсырылған ақпараттық QR-кодтар есірткі саудасын жарнамалап келгені анықталды. Түрлі күмәнді сайтқа жөн сілтейтін сілтемелердің тарихи нысандар жайлы ресурсқа қалай түсіп кеткені әзірге беймәлім.
Аймақтар • 05 Шілде, 2023
Ертістің игілігін қашан көреміз?
Ертіс өзеніндегі кеме қатынасын дамыту төңірегінде бүгінде сөз көп те, атқарылған іс мардымсыз. Мемлекеттік техникалық флоттың, жағалаудағы көлік инфрақұрылымдары мен шлюздердің тозуы өзендегі кемелерді өткізу қабілетін барынша төмендетіп жіберген. Ішкі көлік саласындағы бұл түйткілді тарқату бүгінде мамандардың бас ауруына айналып отыр.