Тұлға • 27 Маусым, 2025
Түйреуіштерді сөйлеткен дипломат
Халықаралық саясат әлемінде әрбір сөздің салмағы бар. Ал кей жағдайда үнсіздіктің өзі тұтас мәлімдемеге татиды. Америка Құрама Штаттарының алғашқы әйел мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт дипломатиядағы бұл қағиданы өзгеше қырынан көрсете білді. Ол сөзге де шебер, символға да сара болған санаулы саясаткерлердің бірегейі. Оның дипломатиялық тілі тек мінбердегі мәлімдемелермен емес, киіміндегі кішкентай ғана түйреуіштер арқылы да айтылатын. Олбрайттың тағылған әрбір түйреуіші – бір елге бағытталған ишара, жаһанға жолданған үндеу болатын, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Маусым, 2025
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Маусым, 2025
ҚМА құмар ойындарға қарсы күресті күшейтті
Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағындағы заңсыз құмар ойын бизнесіне қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2025
Отандық ғалымдардың халықаралық басылымдардағы мақалалары 20%-ға артқан
InCites платформасында 2024 жылға арналған квартильдер бойынша жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қазақстандық ғылым халықаралық деңгейде өсім көрсетіп жатыр. Web of Science базасының негізгі индекстерінде қазақстандық авторлар 3176 ғылыми мақала мен шолу жариялаған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп (2639 мақала). Осы нәтижемен Қазақстан әлемдік рейтингте 75-орыннан 72-орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Маусым, 2025
Өңірлерде тағы 1000 мектеп жаңғыртудан өтеді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздің шағын қалалары, аудан орталықтары мен ауылдарындағы мектептерді жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. 2025–2026 жаңа оқу жылында тағы кемінде 1000 мектеп жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагерімен жүздесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі, хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
Кентауда ерекше демалыс аймағы ашылады
Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылады. Бұл жобалар нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтіледі. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұл туралы Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
Ұлытау облысы «Іскерлік климат» рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді
2025 жылдың І тоқсаны бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізетін «Іскерлік климат» рейтингінде Ұлытау облысы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2025
Елімізде өрт маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Өрт қаупі жоғары кезеңде еліміздің барлық өңірлерінде Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл шаралардың негізгі мақсаты табиғи өрттердің алдын алу, орманды және дала аймақтарында, сондай-ақ саяжай аумақтарында өрт қаупін азайту, сонымен қатар тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.