
«Таза Қазақстан» • 16 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстан»: Павлодарда акция аясында ауқымды іс-шаралар өтті
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысып жатыр. Айта кету керек, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына биылғы кезеңде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Тамыз, 2024
Пойыздардың жолаушыларға қызмет көрсету сапасы тексерілді
Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талапты күшейтпек. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, поездардың жай-күйі мен тазалығы және талапқа сай стандарттық нормаларға байланысты субсидия беру мәселесін қарастыру жоспарға енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Шаруашылық • 16 Тамыз, 2024
Биыл егін жинау жұмыстарына рекордтық қаражат бөлінді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов егін жинау науқанына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы министрі, экология және табиғи ресурстар, энергетика вице-министрлері, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Тамыз, 2024
Биыл 14,7 мың адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасты
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 14,7 мың адам жұмысқа орналастырылған. 2024 жылы осы бағытта барлығы 40 мың жасты жұмысқа орналастыру жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Тамыз, 2024
Аудандық ауруханада тегін дәрі алатындардың саны негізсіз қысқартылған
Аудандық аурухана тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың тізімін негізсіз қысқартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2024
Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Тамыз, 2024
Жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдері жеңілдетілді
Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Тамыз, 2024
Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Достық көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір аялдамаларға қоғамдық көліктер уақытша тоқтамайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Тамыз, 2024
Қарағандыда техникалық қызмет көрсету станциясында 4 көлік өртеніп кетті
Кеше Қарағанды облысының Саран қаласында автокөліктерге қызмет көрсету орталығында өрт болды. Салдарынан 4 жеңіл көлік пен 2 мотоцикл жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Тамыз, 2024
Қостанайда шаруа қожалығының басшысы жалған шот-фактуралар жазып берген
Қостанай облысында миллиард теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.