Президент • 28 Қараша, 2025
Президент: Ауыл әкімдіктерінің қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлген жөн
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдіктері қызметкерлеріне жағдай жасаудың маңызына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Тоқаев: Ауыл әкімдері міндетіне кірмейтін қызметтерді қоса атқаруға тиісті емес
Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін нақтылау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 28 Қараша, 2025
Ақмола облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Бұл бап шілде айында қолданысқа енгізіліп, азаматтарды еркінен тыс қудалау, мазалау, үнемі байланыс орнатуға тырысу, бақылау және өзге де психологиялық қысым көрсететін әрекеттерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2025
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017»-ге қатысы бар шендіні қамауға алды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 28 Қараша, 2025
Нұрбанк 4,5 млрд көлеміндегі мемлекетік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады
Нұрбанк мемлекеттік қолдаудың бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдады. Жоспар бойынша 27 қарашада қаржы институты 4,5 млн облигацияны номиналдық құны 1000 теңгеден кері сатып алуды бастайды. Бұдан кейін банк балансындағы мемлекеттік қолдау сомасы 46,8 млрд теңгеден 42,3 млрд теңгеге дейін азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Қараша, 2025
Қарағандыда дәрі тапшылығы жоқ
Қарағанды өңірінде ЖРВИ мен тұмауға қарсы қолданылатын препараттар қоры жеткілікті, дәріханаларда тапшылық жоқ. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қостанайда соңғы аптада 17 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған
Қостанай облысында маусымдық вирустық аурулардың таралуы алаңдатарлық көрсеткішке жетті. Соңғы бір апта ішінде 17 288 адамның ЖРВИ жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Ерлан Қарин: Ішкі саясат – мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығының басты тірегі
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізде тұңғыш рет қабылданған «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлықты тарихи маңызы бар қадам ретінде атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда бұған дейін ішкі саясаттың идеологиялық бағытын, мақсат-міндетін және ұйымдастырушылық аясын толық қамтитын біртұтас құжат болған емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Темірлан Анарбеков тағы да таңдаулылар қатарынан табылды
Еуропаның футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында қақпашылар жасаған үздік сейвтердің бейне топтамасын ұсынды. Үздіктер қатарында алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бар, деп хабарлайды Egemen.kz.