Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
137 материал табылды

Сұхбат • 10 Қаңтар, 2025

Төлен Әбдік, жазушы: Көшпелі елдің дамуы тасбақаның аяңына ұқсайды

Өткен аптада қазіргі қазақ әдебиетінің ірі өкілі, «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» «Оң қол», «Ақиқат», «Өліара» сынды классикалық туындылардың авторы, жазушы Төлен Әбдік ағамызбен сырласудың сәті түсті. Қаламгердің бүгінгі қазақ әдебиеті мен жас қаламгерлерге қатысты айтқан ойларын екшеп, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2025

Ерлік – ұрпаққа өнеге

Биыл ажал қылышын оңды-солды сермеп, жер бетін қан қасап майданға айналдырған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, жеңіс туының желбірегеніне 80 жыл толады. Жұмыр жердің апшысын қуырған сол қызыл көз қырғынға қазақ елінен 1 366 000 сарбазымыз аттанып, 601 029 боздағымыз кебінсіз майдан даласында қалды. Осылай халқымыз «Жеңіс» деген бірауыз қуанышты сөзге миллиондардың жанын айырбастады.

Басылым • 01 Қаңтар, 2025

«Казахстанская правда» – үйлесім мінбері

2025 жылдың 1 қаңтарында «Қазақ газеттері» серіктестігі құрамындағы тарихи «Казахстанская правда» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толды. Ғасырдан аса уақыт ішінде ел шежіресін жазып келе жатқан ақпарат құралының бұл белесі отандық журналистиканың атаулы күндерінің бірі саналады.

Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2024

Сот жүйесі және халық сенімі

Биыл Қазақстанның сот жүйесі ауқымды өзгерістерді бастан кешті. 2024 жыл сот отырыстары тікелей эфирден көрсетіліп, бұқараның құқықтық салаға деген қызығушылығын арттырған жыл есебінде тарих қойнауына кірді. Қазақстан азаматтары сот отырыстарының қалай тартысты жүретінін, сот пен прокурордың қалай жұмыс істейтінін көзбен көріп, еліміздің құқықтық жүйесіне деген сенімі күшейді.

Тұлға • 31 Желтоқсан, 2024

Әлем әдебиетінің Қожасы

Биыл қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бер­дібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде ата­лып өтті. Осылайша, әдебиетімізге «Өлгендер қай­тып келмейді», «Менің атым Қожа», «Бала­лық шаққа саяхат», «Он алты жасар чемпион», «Қай­дасың Гауһар», «Ергежейлі еліне саяхат» сынды өлмес туындылар сыйлаған қа­лам­гердің тойы әлем назарына ілікті.

Заң мен Тәртіп • 18 Желтоқсан, 2024

Зияткерлік меншік мәселелері заңмен қалай реттеледі?

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың қатысуы­мен «Зияткерлік меншік: Қазақстандағы инновациялар мен шығармашылықты қорғау» тақырыбында бас­пасөз мәслихаты өтті.

Сұхбат • 18 Желтоқсан, 2024

«Көтеріліске қатысқанымды дәлелдегім келеді»

Газет редакциясына Желтоқсан көтерілісінің қатысушы­сы Марат Мырзабеков атты азамат келді. Ол 1986 жылы кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы бас көтерген қазақ жастарының арасында болғанын, сол оқиғадан кейін оқудан шеттетіліп, әскерге кетіп, жазадан аман қалғанын айтады. Азаттыққа ұмтылған жастардың арпалысқа толы күндері туралы куәгердің әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз.

Қоғам • 16 Желтоқсан, 2024

«Ардагерлер ұйымы» жастар тәрбиесіне алаңдайды

Астана қаласындағы «Rixos President Astanа» қонақүй кешенінің «Дихолл» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Төралқа жиынына барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан ардагерлер кеңестерінің басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Тұлға • 13 Желтоқсан, 2024

БҰҰ мінберінен сөйлеген біртуар қайраткер

«Қазақстан» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұры­с­овтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қаратай Тұрысов – қайраткер тұлға» тақырыбында республикалық конференция өтті. Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, спорт саласының мамандары қатысты.

Зерде • 07 Желтоқсан, 2024

Соқпақбаевтың Қонаевқа жазған хаты

Өткен жолы белгілі тарихшы, мұрағаттанушы Рашид Оразов архивтен Бердібек Соқпақ­баев­тың республикамыздың сол кездегі басшысы Дінмұхамед Қонаевқа жазған өтініш хатын тапқанын сүйіншіледі. Осыдан елу жыл бұрынғы сарғайған құжатты оқып отырып, классик жазушының болмыс-бітімін басқа қырынан танығандай болдық.