Тарих • 29 Маусым, 2025
Egemen Qazaqstan газетінің (бұрынғы «Социалистік Қазақстан») 1944 жылдың 14 қарашадағы №226 санында Зуфар Айтмағамбетов атты автордың «Қазақтың қаһарман жігіті» деген мақаласы жарияланыпты. Мақалада есімі белгісіз Қабыш Мусин атты батырдың ерлігі баяндалған. Біз бүгін сол мақаланың толық мәтінін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әдебиет • 29 Маусым, 2025
Жазушылар одағы үш жобаны жүзеге асырмақ
Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп, «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі курсы», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты үш жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 28 Маусым, 2025
Жетінші сыныпта оқып жүрген кезімде анамның әпкесі екеуміз Алматыға келіп, су жаңа костюм-шалбар сатып алдық. Нағашым артынша жейде мен галстук әпермек болды. Мен костюмді теледидардан күнде көріп жүрген журналистер сияқты жағасыз футболкамен кигім келетінін айттым. Бірақ сол сәтте сыртқы пішіннің журналист-қаламгер болуға еш септігі тимейтінін ойламаппын.
Басылым • 28 Маусым, 2025
Төрткүл дүниеде күнделікті газет таралымы азайып, цифрлық жазылым саны өсіп жатқаны белгілі. Еуропада оқылымның «print» һәм «online» нұсқаларын салыстырғанда жастардың қағаз басылымдарды көп тұтынбайтыны мәлім болған. Газетті көп оқитын Жапония мен Үндістанда да электронды ақпарат құралдарының даму қарқыны байқалады. Сөйтсе де, әлем жұртшылығы дәстүрлі медиақұрал – газеттерден бас тартып отырған жоқ.
Марапат • 27 Маусым, 2025
Журналистерге ілтипат та, сенім де жоғары
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Amanat» партиясы журналистер арасында өткізілетін дәстүрлі республикалық «Amanat медиа сыйлығының» қорытындысын шығарды. Биыл 10 аталым бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Жалпы, осы уақыт аралығында бұл марапатты отандық медиа саласының 150-ден аса өкілі иеленді.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Елдің еңсесін әділ сот тіктейді
24 маусым – «Тура биде туған жоқ» қағидасымен ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғап, күн сайын түрлі тағдырлы шешімдер қабылдайтын судья һәм сот қызметкерлерінің күні. Бұқараның заңды құқығы мен ар-намысын қорғау жолында білімі мен күш-жігерін сарп етіп жүрген сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ешқашан да назардан тыс қалмақ емес.
Спорт • 24 Маусым, 2025
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында қазақтың қарымды қаламгері Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған дәстүрлі XIV бильярд турнирі өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған додаға қырықтан аса журналист пен зиялы қауым өкілі қатысты.
Қоғам • 21 Маусым, 2025
Цифрландыру тиімділікті арттырады
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Digital justice жобаларын жүзеге асыру» мәселелері аясында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер әділет органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында іске асырылып жатқан цифрлық трансформациялардың негізгі бағыттары туралы ойын ортаға салды.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
«Қартайған» халық қатарына қосылмайық десек...
Келешекте еліміздің демографиялық жағдайы күрделі мәселелермен бетпе-бет келуі мүмкін. Себебі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда елдегі халықтың туу деңгейі төмендеп, қарттық жастағы азаматтарының үлес салмағы артқан. Мамандар бұл қауіптің алдын алу үшін демографиялық дамудың бірыңғай жүйесін жасап, арнайы бағдарламалар қабылдау керектігін айтады.
Мереке • 04 Маусым, 2025
Күлдiр-күлдiр кiсiнетiп күрең мiнген қазақ қарашасы «қарағай басын шортан шалған» небір қилы заманды өткерді. Сол ықылым дәуірлерден бергі жалғыз аңсарымыз ел бостандығы еді. Бүгінгі қазақ көк Туын желбіретіп, Елтаңбасын тасқа қашап, Әнұранын асқақтата шырқап, бабалардың аңсары болған азаттық атты санғасырлық жалқы арманына қол жеткізді.