Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Жезқазғанда мешіт құрылысы басталды
Жаңа мешіттің сыйымдылығы 3000 адамды құрайды. Құрылыс «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бастамасымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының белсенді қолдауымен және Ұлытау облысы әкімдігімен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы орталығында тұрғын үй кезегінде 109 адам тұр. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік қызметкерлер санатында – 61, әлеуметтік осал топ санатында – 17, көпбалалы аналар санатында – 19, жетім бала санатында – 1, баспанасы апатты саналатын 11 адам кезекте тұр. Биыл республикалық бюджеттен әлеуметтік осал топқа 523 млн теңге, жергілікті бюджеттен 50 млн 452 мың теңге бөлініп, 32 пәтер сатып алынды.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
71 жастағы велошеруші Жезқазғанға аялдады
Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген 71 жастағы саяхатшы, теміржол саласының ардагері Жұмабай Отарғалиев Жезқазған қаласына аялдады. Ол Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студент жастармен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 22 Шілде, 2025
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі қорында қасқыр терісінен тігілген ішік бар. Музей басшысы Зағира Калменова: «Өткен жылы Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында өткен көрмені шетелден келген қонақтар тамашалады. Сонда меймандар 90 жастағы Орынбасар Мырзабаева әженің қолынан шыққан қасқыр ішікке қызығушылық танытып, сапасына жоғары баға берді. Бұл – әжейдің жарына тіккен ішігі», дейді.
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Биылғы жылы Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде 13 көшенің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 19 Шілде, 2025
Көптің қажетіне жараған кәсіпорын
Жаңаарқа ауданы орталығындағы «Дамир» жеке кәсіпорны он жылдан аса шлакоблок кірпішін құюмен айналысып келеді. Кәсіпорын жетекшісі Біржан Башенов әу баста бұл шаруаны үйінің ауласында бастапты. Тапсырыс көбейген соң 4 жыл бұрын жер алып, кәсіпке білек сыбана кіріскен.
Аймақтар • 18 Шілде, 2025
Ұлытауда металлургтер мерекесі атап өтілді
Ұлытау облысында Металлургтердің кәсіби мерекесі атап өтілді. Алдымен академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Мерекеде Ұлытау өңірінің тау-кен, металлургия салаларында ұзақ жыл еңбек етіп, сала дамуына үлес қосқан азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. Олардың қатарында байытушылар, инженерлер, өндіріс шеберлері, сондай-ақ осы салаға еңбегі сіңген ардагерлер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Шілде, 2025
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр
Ешбір өңірде болмаған бастама өңірдегі шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында 6 000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12 900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2 000 бас жылқы күтіп бағылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мирас • 15 Шілде, 2025
Болған ана күмбезі – Ұлытау облысының маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері тізіміне енген ортағасырлық сәулет өнері. Алтын орда дәуірінің ескерткіші Сарысу мен Қаракеңгір өзендерінің құйылысында, Қаражар шатқалында орналасқан.