Taza.kz
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
51 материал табылды

Таным • Бүгін, 08:50

Үш алып жеткізген ой

Ұлтқа қызмет ету саяси күреспен ғана өлшенбейді. Халықтың көзін ашып, танымын кеңейтетін, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыратын рухани көпірлер де керек. Сондай көпір салған тұлғаның бірі – Әлихан Бөкейхан. Ол аудармашылық қызметі арқылы қазақ оқырманын әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерімен қауыштырды. Ги де Мопассан, Оскар Уайльд, Толстой, Чехов, Короленко, Мамин-Сибиряк шығармаларының қазақшаға тәржімеленуі – соның айғағы.

Әдебиет • 17 Маусым, 2026

Майымбет туралы миф

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары жарық көрген кеңестік басылымдарға көз жүгіртсек, Майымбет деген қазақ ақынының көп насихатталғанына куә боламыз. Газет-журналдарға, жинақтарға өлеңдері енген, жеке кітабы да жарық көрген. Алайда ақынның қай уақытта, қай жерде өмірге келгені, қандай іспен айналысқаны туралы дерек жоқ. Тіпті суреті де еш жерде жарияланбаған.

Өнер • 13 Маусым, 2026

Соғыс туралы сурет

Қайбір жылы Мәскеуге жол түсіп, Третьяков галереясына барудың сәті туды. Көне күндердің көріністері әр қабырғада менмұндалап тұр. Солардың ішінде санамды сан-саққа жүгірткені баталист суретші Василий Верещагин салған «Соғыс апофеозы» картинасы болды.

Руханият • 13 Маусым, 2026

Тарихи фотошежіре тарланы

Америкалық фотожурналист Альфред Эйзенштадт «Сіздің ең күшті объективіңіз – көзіңіз» деген екен. Жаны бар сөз. Өйткені сәтті сурет түсіруге қалт жібермейтін қыра­ғылық керек. Тәуелсіздік дәуірінің фото­шежіресін суретпен сөйлеткен Шүкір Шахай – сондай қырағы фото­жур­налистердің қата­рында. Себебі оның объек­тивіне іліккен әрбір кадр тұтас бір кезең­нің тынысын таны­татын тарихи құжат іспетті.

Архив • 13 Маусым, 2026

Архившілер конгресі қорытындыланды

Астанада өтіп жатқан «Digital Archive EXPO» атты III архившілер конгресі аяқталды. Президент архиві ұйымдастырған халықаралық форум цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының болашағын талқылауға арналды.

Архив • 10 Маусым, 2026

Архившілер конгресі басталды

Астанада «Digital Archive EXPO» III архившілер конгресі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын айтулы жиында әлемнің 30 елінен келген 500-ден астам қатысушы цифрлық трансформация және жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының келешегі жайында кеңесіп, талқылаулар өткізіп жатыр. Олардың қатарында архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің өкілдері, жетекші IT сарапшылар, ғалымдар мен зерттеушілер бар.

Сұхбат • 09 Маусым, 2026

Әлия Мұстафина: Жасанды интеллект архив саласына серпін береді

Бүгін, 9 маусым күні, Халықаралық архивтер кеңесінің қолдауымен Астана қаласында III халықаралық архившілер конгресі – «Digital Archive EXPO» (DA-EXPO) форумы басталды. Осы орайда Президент архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлия МҰСТАФИНАМЕН сұхбаттасып, архив саласының қазіргі тынысы, цифрлық даму, жасанды интеллектінің архив жұмысына әсері жайында сұраған болатынбыз.

Зерде • 02 Маусым, 2026

«Құран тізбегі» операциясы қалай жүргізілді?

Кеңестік қуғын-сүргін кезінде Алаш зиялыларымен қатар дін қай­рат­керлері де қуғын­дал­ды. 20-жыл­дар­дың бел ортасынан бастал­ған дін қыз­меткерлерін қудалау сая­саты 1937–1938 жыл­дары шегіне жетіп, дін адам­дарын ату жазасына кесумен аяқталды.

Әдебиет • 02 Маусым, 2026

Шәмілге арналған шумақтар

Мұқағали Мақатаевтың «Шәмілге жазған хаттардан» деген атақты топтамасы бар. Ақын іште тұншыққан шерін Шәмілге мұң шағу арқылы жеткізеді. Өзіне сұрақ қойып, содан жауап іздейді.

Мирас • 21 Сәуір, 2026

Жәңгір мектебінің түлектері

Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетіне жариялаған «Бөкейліктердің мүфтилікте қалуы» мақаласында: «1801 жылы Бөкей хан он алты ру елімен қайтадан Жайықтың күнбатыс жағына көшіп, қоныс алған екен» десе, жазушы Мұхтар Мағауин: «Бөкей сұлтан 1801 жылы бейбіт келісім жолымен, бұрынғы Алтын орданың, кейінгі ноғай-қазақтың құт мекені Жайықтың батыс бетіне, Еділге дейінгі кең алқапта қоныстануға мүмкіндік алды», деп жазған болатын. Биыл осы Бөкей ордасының құрылғанына – 225 жыл.

Яндекс.Метрика