Аймақтар • Кеше
Өңірдің әлеуетін арттыратын бастамалар
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында Ақмола облысына келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Саясат • Кеше
Экономиканың өсу қарқынын оң бағалады
Премьер-министр Олжас Бектенов лауазымдық міндеттерін атқаруға биылғы ақпан айында кіріскен Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесу өткізді.
Экономика • 11 Маусым, 2026
Зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс – келешектің қамы
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тәртібіне қатысты талаптардың қайта қаралуы қоғам назарын тағы да осы мәселеге аударды. Ең төменгі жеткіліктілік шегінің кезекті рет өсуі азаматтардың жинаққа қол жеткізу мүмкіндігіне тікелей әсер етпек. Бір жағынан, бұл қадам болашақ зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталғаны айтылса, екінші жағынан, өз қаржысын баспана немесе денсаулық қажеттілігіне жұмсауды жоспарлаған жұртшылық арасында сұрақ та аз емес. Сонымен, жаңа шектер қалай айқындалды және оның салдары қандай болмақ?
Саясат • 11 Маусым, 2026
Торғай өңірін өркендету жоспары
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді мен Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қаржыландыруға және жүзеге асыруға арналған кеңес өткізді.
Елорда • 10 Маусым, 2026
Астананың елеулі экономикалық өсімі
Биыл алғашқы төрт айдың қорытындысында ел астанасы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер тұрғысынан қарқынды өсім көрсетіп отыр. Астана инвестиция тарту, құрылыс көлемі, өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру қарқыны жағынан еліміздегі көшбасшы өңірлердің қатарында тұр. Бұл нәтижелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамыту мен жаңғырту, инвестиция тарту, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде іске асырудың арқасында мүмкін болды.
Саясат • 10 Маусым, 2026
Әл-ауқатты арттырудың негізгі факторы
Ел азаматтарының ақшалай табысының шамамен үштен екісі жалдамалы еңбек есебінен қалыптасады. Мұндай тұжырым Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысында айтылды.
Саясат • 10 Маусым, 2026
Туристік маусымға тыңғылықты дайындық
Туризм – ел экономикасына серпін беретін әрі өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды саланың бірі. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы бағыттағы өзекті мәселелер қаралып, туристік инфрақұрылымды жедел дамыту, қызмет көрсету сапасын көтеру, экотуризм әлеуетін тиімді пайдалану және жазғы маусымда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері айқындалды.
Шаруашылық • 09 Маусым, 2026
Егіс науқаны межелі мерзімде аяқталды
Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде биылғы егіс науқаны аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде жүргізілді.
Саясат • 09 Маусым, 2026
Елорда өңірлерге үлгі болуға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт пен ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда болып, Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту, АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Экспорт • 06 Маусым, 2026
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Еліміздегі май саласының экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге өсіп, 963 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткен «FОС 2026: Fats and Oils Conference» V халықаралық конференциясының ашылуында айтты. Қазақстан әлемдегі күнбағыс майын экспорттайтын ең ірі 8 елдің қатарына кіреді. Май индустриясындағы мардымды нәтижелер де жетерлік. Былтырдың өзінде бұл сала 963 млн доллар көлемінде валюталық түсімді қамтамасыз етті. Сала мамандары алдағы уақытта әлемдік ТОП-3 экспорттаушының қатарына кіруді мақсат етіп отыр.