Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
606 материал табылды

Білім • 21 Тамыз, 2024

Оқу жылына дайындығын тексерді

Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Соған орай Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығын тексерді. Биылғы мамырда басталған мониторинг аясында жаңа мектептер құрылысы мен тасқыннан кейінгі аймақтардағы су басқан нысандарды қалпына келтіру, оқу кабинетін жабдықтау, ауыл мектептерін жаңғырту, оқулықтармен қамту және қауіпсіздік мәселелері қамтылды.

Форум • 20 Тамыз, 2024

Жас мұғалімге жол ашқан

Астанада «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты III республикалық форум өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен ауыл мектептерінде еңбек ететін 300-ден аса жас мұғалім қатысты.

Digital • 16 Тамыз, 2024

Цифрлық университеттің әлқиссасы

Былтыр Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміз жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударуға тиіс екенін айта келіп: «Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлау­мен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек», деген еді.

Ғылым • 16 Тамыз, 2024

Профессор-оқытушы құрамның еңбекақысы өсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын Алматыда жас ғалымдар және студенттермен кездесуінде жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдардың еңбекақысын көтеруді тапсырып, студенттермен бірге отандық білім беру жүйесінде педагог те басты тұлғаға айналуы тиіс екенін айтқан еді.

Тарих • 14 Тамыз, 2024

«Айқаракөз»

Кей-кейде мұң қамаған жүректі сергітер жақсы ән жаныңды бесіктей тербетіп, ғажап сезімге бөлейді. Әсіресе сазы мен сөзі үйлесіп, көңілдің нәзік пернесін тап басатын халық әндерін тыңдағанда сондай күй кешесің. Халық әндерінің де кезінде авторлары болды. Бірақ уақыт өте келе оның аты ұмытылып, кейінгі ұрпаққа қалған мұрасы ел игілігіне айналды. Сондай төрт аяғын тең басқан тамаша туындылар көп. Бәрін бірауыз сөзбен «халық музыкасы» деп айтып жүрміз.

Жәдігер • 13 Тамыз, 2024

Мыңбасының кісе белдігі

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музе­йінде талай құнды жәдігер тұр. Соның бірі – халық батыры Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісіндегі мыңбасы Ыбырай Әтембекұлының кісе белдігі.

Елорда • 07 Тамыз, 2024

«Бүркітші» бейнесі

Алдағы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі де жақындап қалды. Жалпақ әлем көз тігіп отырған ауқымды іс-шараға елорда қызу дайындық үстінде. Әсіресе шаһардың әр бөлігінде әсем безендірілген ұлттық нақышқа толы дүниелер көздің жауын алады. Соның бірі – Бейбарыс сұлтан көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған «Бүркітші» атты жаңа мұрал.

Жоба • 06 Тамыз, 2024

Су үнемдеудің тиімді жобасы

Назарбаев университетінде Германиядағы Дрезден технологиялық университеті мен Ганновердегі ғылыми-техникалық гидрология институты ғалымдарының қатысуымен өткен семинарда олар елорданың су ресурсын тұрақты басқару үшін іске асырған «TERESA» жобасының нәтижелерін та­ныстырды. Семинарға Дрезден технологиялық университеті «INOWAS» зерттеу тобының жетек­шісі Стефан Каталин, Ғылыми-техникалық гидрология институтының бас директоры Лотар Фукс, ­осы институттың инженері Катарина Фукс, Дрезден технологиялық университетінің PhD Нұрлан Оңдас қатысты.

Тарих • 03 Тамыз, 2024

Нұртас пен Шығанақ

Әр суреттің тарихына үңілсек, мол қазынаға кенелеміз. Бұл суреттегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов пен тары шығымын арттыруда әлемдік рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің бейнесі көзімізге жылы ұшырайды.

Тарих • 01 Тамыз, 2024

Екідің ауылындағы ғұрыптық ескерткіш

Қазақ даласында сан ға­сырдан бері мұрты бұзыл­май сақталған ескерт­кіштер көп болмаса да аз-мұз кездеседі. Сондай көне құрылыстың бірі – Қостанай облысы Арқалық қаласына қа­расты Екідің ауылындағы ғұрып­тық ескерткіш.