Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
550 материал табылды

Жәдігер • 31 Қаңтар, 2024

Қастеевтің сирек суреті

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде атақты қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің жұртшылыққа беймәлім суреті сақталған. Онда халық батыры Амангелді Имановтың серігі Әбжан Тұрмановтың портретін салған.

Театр • 31 Қаңтар, 2024

Балет әртісінің жеңісі

«Астана опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрі­баев Ресейде өткен «Одиссея-Arts» халықаралық көпжанрлы арт-олим­пиаданың «Хореография» аталымында I дәрежелі лауреа­т атанды.

Өнер • 30 Қаңтар, 2024

Үнді тыңдармандарын тәнті етті

Үндістанда екі аптаға созылған 33-халықаралық Лакшминараяна музы­калық фестивалі өтті. Оған елімізден де өнерпаздар қатысып, қазақ мәдениетінің мәртебесін асқақтатты.

Кино • 25 Қаңтар, 2024

Ұлт болмысының бейнесі

Жазушы Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» атты хикаятын оқымаған жан кемде-кем шығар, сірә. Шығармада Қожабек қария ел-жұртқа жастайынан аты шығып, енді үйленгелі жүрген баласынан аяқ астынан айырылып қалды. Артында тұяқ қалмады. Бір әулеттің тұқымын бір өзімен біржола тоқтатты да кете барды. Қайғыдан қан жұтқан қарияға ұлының бірге оқыған жолдасы одан бала қалғанын айтады. Хабарды естігеннен кейін қартта дегбір қалмады. Бір күні кемпіріне «сұраған біреу-міреуге дәрігерге кетті дерсің», деп қалаға ұрпағын іздеп жолға шығады. Қысқасы, оқиға осылай өрбиді. 1983 жылы хикаят желісімен «Өтелмеген парыз» атты көркем фильм түсірілді. Режиссері – Серік Жармұхамедов, сценарийін Смағұл Елубай жазды.

Өнер • 24 Қаңтар, 2024

Сөнбес сәуле

«Астана опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында әйгілі әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Амангелді Сембинге арналған «Сөнбеген сәуле» атты музыкалық кеш өтті.

Егемен Қазақстан • 24 Қаңтар, 2024

«Егемен жастар» әдеби кеші

Ел ертеңі тарихы мен мәдениетін төбесіне тұтқан рухты жастар қолында. Бұл тұрғыдан алғанда ұлттық кодты ту еткен шығармашыл жас қанаттың орны бөлек. Бүгінде еліміздің әр тарабында гейзер суындай талантымен тасқындап жаңа бұлақтар көзін ашып жатыр.

Жәдігер • 23 Қаңтар, 2024

Халық батырының қанжары

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың қанжары сақталған. Бұл жәдігерді батырдың сарбазы Ғапбас Саламатұлы тапсырған.

Басылым • 23 Қаңтар, 2024

«Адасқан ұрпақ» – саха тілінде

Әлібек Асқаров – бүгінгі қазақ әдебиетінің абыройлы тұлғасы, қара сөздің хас шебері. Жазушының шындыққа суарылған, көркем тілмен кестеленген, шуақты юморға толы шығармалары оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Кезінде Серік Қирабаев сынды ғалым-сыншының, Шерхан Мұртазадай сирек суреткердің биік бағасын алған «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романының он рет басылуы – осы ойдың даусыз дәлелі.

Басылым • 22 Қаңтар, 2024

Қайраткер туралы қос кітап

Ұлттық академиялық кітапханада көр­некті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай жарық көрген «Komiser jürgenov» және «Темирбек Жур­генов: триумф и трагедия» атты қос кітап­тың таныстырылымы өтті.

Тағзым • 22 Қаңтар, 2024

Майдангер жазушы мұрасы

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі майдангер жазушы, журналист Әскен Нәбиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Бармысыңдар, армысыңдар, бабалар!» атты әдеби кеш өтті.