Таным • 09 Сәуір, 2024
Әлемдегі ерекше жерлер: Мақталы қорған
Бұл – Түркиядағы ерекше көркем жердің бірі. Табиғаттың ғажайып тартуы десе болады. Анталияға жақын орналасқан. «Памуккале» сөзі «Мақталы қорған» деген мағына білдіреді.
Мектеп • 05 Сәуір, 2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қалалық білім басқармасы ұжымымен кездесіп, білім сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Кездесуде сала басшысы министрлік тарапынан қабылданған маңызды міндеттерге тоқталды.
Инновация • 05 Сәуір, 2024
«Turkic Metaverse» тұжырымдамасы
Жақында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің цифрландыру орталығын құру аясында метағаламдағы алғашқы конференция өтті. Мазмұнды іс-шараның мақсаты – «Turkic Metaverse» тұжырымдамасының қалыптасуы мен даму әлеуетін жұртшылыққа көрсету.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Ақтау қаласында «Mańǵystau Hub» өңірлік технопаркі іске қосылды. Бұл – «Astana Hub» басқаруындағы 13-өңірлік хаб.
Ғылым • 02 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, кейінгі он жылда технология мен өнеркәсіптің дамуымен бірге автокөліктің көбеюінен ауаға тарайтын зиянды металдар мен улы газдардың шығарындылары ұлғайған. Мәселен, жылу электр стансалары мен автомобильге қолданатын жанар-жағармайдан бөлінетін азот монооксиді (NO) иіссіз болғандықтан, адамдар оны сезбейді. Былтыр Астана мен Алматыда ресми мәлімет бойынша ауаға тараған түтіннің деңгейі нормадан 15 есеге дейін асқан.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Әсия Бралина, Айшат Темірбаева, Дана Көптілеуова және Мерейлі Қараш қаржылық сауаттың маңызын түсіндіретін «Qarzhymen» комиксін әзірледі.
Ғылым • 22 Наурыз, 2024
«Сыр сұлуы» деген ғажап әнді екі қазақтың бірі біледі десек, артық айтпаймыз, сірә! Оның сөзін қайсар ақын Зейнолла Шүкіров, сазын атақты композитор Шәмші Қалдаяқов жазған. Әнді алғаш сахнада Қызылордадағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінің студенті Зияш Айдарова орындапты. Сөйтіп, екі таланттың тандемінен туған тамаша туынды әп-сәтте елге таралды. Кейін оны небір дүлдүл әншілер шырқады. Бірақ біз бұл жолы ән туралы емес, жыр елінің брендіне айналған «Сыр сұлуы» атты жаңа күріш сұрпын сөз етеміз.
Университет • 14 Наурыз, 2024
Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебі мен Финляндияның HAMK және JAMK университеттерінің сарапшылары «Білім берудегі көшбасшылық» атты бір аптаға созылған біліктілік арттыру курсын өткізді. Оған еліміздегі жоғары оқу орындарының 200 қызметкері мен 50 ауыл мектебінің директоры қатысты. Олар курста білім берудегі жаңаша үрдіспен танысып, инновациялық идеялар мен тәсілді және жаңа технологияны қолданудың қыр-сырын үйренді.
Инновация • 14 Наурыз, 2024
Эр-Рияд қаласында Қазақстан мен Сауд Арабия арасында бірлескен инновациялық хаб ашылды. Бұл жаңа хаб әлемдік нарықта өңірлік IТ-шешімдер мен стартаптарды халықаралық деңгейде ілгерілетуге оң әсерін тигізеді.
Ғылым • 14 Наурыз, 2024
Nazarbayev University профессорлары Сәлімгерей Әділов пен Нұршат Нұраженің жетекшілігімен анилин туындысы негізінде реттелетін жабысқақ тоқ өткізгіш полимерлер жасалды.