Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
606 материал табылды

Оқиға • 25 Сәуір, 2024

Рая тәте

Біздің ауыл таза қазақы болса да, ішінара өзге ұлт өкілдері де қоныстанған. Олардың бәрі тың игеру жылдары келген. Бала күнімізде қазір алпыстан асқан ағаларымыз солармен жаға жыртысып, талай төбелескенін жыр қылып айтатын. Біз соны ұйып тыңдайтынбыз. Тың игерушілердің дені кейін қайта көшіп кетті. Бес-алты отбасы ғана тұрақтап қалды. Соның бірі – Раяның үйі.

Таным • 19 Сәуір, 2024

Ғалам ғажаптары: 34 млн жылдық тарихы бар өзен

Антарктиданың шығыс бөлігіндегі мұз қабатының астынан 34 млн жыл бұрын пайда болған ежелгі өзен анықталған.

Оқиға • 19 Сәуір, 2024

Жықаңның көз жасы

Шіліңгір шілде. Күн төбеңді тесердей шақырайып тұр. Үй ір­гесін көлеңкелеп, кітап оқып отырған едім. Бір кезде «Әй» деген қарлыққан дауыс шықты. Жалт қарасам, Жылқыбай ағам. Ашулы. Түрі өрт сөндіргендей.

Таным • 19 Сәуір, 2024

Өнеге боларлық Корея

«Жүрген аяққа жөргем ілігеді» деген тәмсіл журналистерге арнап айтылған секілді. Журналист үшін көп көргеннен, көп түйгеннен артық не бар. Қоржының молаяды. Басқа елден алған әсеріңді өз еліңмен іш­тей салыстырасың. Олардың біз­ден артықшылығы мен кем­ші­лігі қайсы, соны байқайсың. Ха­­лықтың тұрмысын көріп, әл-ау­қа­­тын бағамдайсың. Қысқа­сы, Корея сапарынан осындай ой түй­­­дік. Біз онда толық бір апта болдық. Осы аралықта ел астанасы Сеулде ғана емес, Пусан, Тэджон, Сувон, Ульсан се­кіл­ді ір­гелі қалаларын араладық. Бұл ша­­һарларда елдің маңдайалды уни­верситеттері мен ірі өнеркәсіп орын­дары шоғырланған.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2024

Өңірлерге 48 «Starlink» жіберілді

Еліміздегі бірқатар өңір су тасқынының зардабын тартып отыр. Бұл табиғи апат Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарындағы ұялы байланыс операторлар желісінің жұмысына да әсер етті. Қазір 12 елді мекенде базалық стансалар тасымалданатын генератормен жұмыс істейді. Барлық облыста мобильді операторлардың резервінде 300-ден аса генератор бар, оған 234 инженер жұмылдырылды. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда ұялы байланыс операторлары қызу жұмыс үстінде.

Таным • 17 Сәуір, 2024

Ғаламшар ғажаптары: Андромеда галактикасы

Бұл – Жерге жақын галактика. Оны алғаш зерттеп жазған парсы астрономы Абдуррахман ас-Суфиден «Тұрақты жұлдыз» атты кітабында «Кішкентай бұлт» деп сипаттаған.

Тұлға • 14 Сәуір, 2024

Ұлт мақтанышының мерейтойы

12 сәуір – Ғарыш пен ғылым күні. Сондай-ақ халқымыздың даңқты перзенті, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Биыл аса көрнекті ғалымның туғанына 125 жыл толды. Осы айтулы тойдың басы елордадағы біртуар тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және ғалымның туған жерінен келген делегация мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Мазмұнды іс-шараның ойдағыдай өтуіне елорда әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы қолдау көрсетті.

Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Қазақ тілін үйренеді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің док­торанты Асылтас Қалте­но­ва шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге кө­мек­те­сетін «Sana» қосымшасын әзірледі.

Таным • 10 Сәуір, 2024

Ғалам жұмбақтары: Бермуд үштағаны

Бұл үштаған – Атлант мұхи­тындағы Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бір-біріне жалғайтын Бермудтан бас­талып, Порта-Рика аралдары және Маями жағалауына дейін жал­ғасып жатқан үшбұрышты мүйіс.

Таным • 09 Сәуір, 2024

Таңдай тұнық ел

Ел көрген, жер көрген қандай жақсы. Ерекше әсер аласың. Жаңа бір әлем ашқандай боласың. Жуырда ғылымы мен білімі, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы дамыған Оңтүстік Кореяға жолымыз түскенде сондай сезімді бас­тан кештік. Жалпы, бұл елге көктем мен күзде барған дұрыс деп айтады. Өйткені наурыздың соңынан бастап сакура гүлдесе, күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, төңірек алтын түске боялады. Біз көкөрім көктемде барғаннан кейін бе, Корея жерге жасыл кілем төсеп тастағандай айрықша құлпырып тұрды. Бүршік жарған ағаштар мен гүлдердің хош иісі мұрын жарды.